ШҰҒЫЛ! ӘКЕЛЕРГЕ АЙТЫҢЫЗ! Толығырақ

5 АЙДА 23 АДАМ СУҒА КЕТКЕН

11:57, 7 маусым 2019

Облысымызда жыл басынан бері 23 адам суға кетіп көз жұмған. Олардың 16-ы балалар. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырған 4 есеге көп. Суға кету деректерінің көбі салғырттықтың салдарынан орын алатын көрінеді.

Себебі, соңғы 5 айда тіркелген 11 оқида балалар ата-ана қарауынсыз қалып мерт болса, 5 оқиғада рұқсат етілмеген жерде шомылып жүріп көз жұмған. Тағы екі оқиғада балық аулауға шыққан балалар тілсіз жаудың құрбаны болады. Осындай оқиғалардың алдын алу үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары адамдар көп шомылатын орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізуді бастады. Арнайы шарада мамандар азаматтарға шомылуға болмайтынын орындарда суға түсудің қаншалықты қауіпті екенін айтты.  Суға түсерде қандай ережелерді ескеру керектігін түсіндірді. Негізінде жыл басынан бері төтеншеліктер 68 рет рейдке шығып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 400-ге жуық материалдар жариялаған. Алайда оған құлақ асып жатқандардың қарасы аз дейді мамандар. Салдарынан адам шығыны көптеп орын алуда. Осылай деген төтеншеліктер тұрғындарды шомылу науқаны кезде аса сақ болуға шақырады.

Сұлтанғали Смайылов – Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары

Түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Бұл жұмысты жандандыру үшін біз полиция департаментімен де бірлесіп жұмыстар жүргіземіз...

М. Жарылқасын  

Тақырып бойынша материалдар

АГРО ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛАДЫ
19:00, 12 қараша 2019
АГРО ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖӘНІБЕКТІҢ  ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ  ЭФИРДЕН  КӨРСЕТІЛМЕК
16:15, 7 қараша 2019
ЖӘНІБЕКТІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН КӨРСЕТІЛМЕК
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...