ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

5 ЖЫЛДА ЖАҢАДАН 55 МЕКТЕП САЛЫНБАҚ

17:28, 20 қыркүйек 2019

Шымкентте алдағы 5 жылда жаңадан 55 мектепті салу жоспары бар. Бұл туралы баспасөз брифингінде құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов мәлімдеді. Осылайша, қаладағы 3 ауысымды білім беру мекемелерінің мәселесі шешілетін болады. Тақырыпты тілші толықтырсын.

Құрылыс басқармасы арқылы 2019 жылы мемлекеттік бюджет есебінен жалпы 41 млрд теңгеге 110 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 83-і тұрғын үй, 11 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандары. Ал,16 әлеуметтік нысанның 15-і мектеп. Өкінішке орай, екі мектептің құрылысы келесі жылға өтпелі. Оған мемлекеттік сатып алу конкурсының кеш өтуі себеп болған.

Ербол Ахметов – Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы

-Қаладағы №23 мектеп пен Асар-2 мөлтекаудан бойынша мектептің қаржысы қысқарып отыр. Себебі, мемлекеттік сатып алу конкурсы кеш өткен. Себебі, шыққан қорытындымен мердігерлер келіспей, бір-бірін сотқа берген. Қаржының игерілмеу қауіпі болғандықтан, сол қаржыны өзге мектептің құрылысына бағыттадық.

2025 жылға дейін 55 мектеп салынантын болады. Бұл, қаладағы үш ауысымдағы мектептер санын кемітуге бағытталған шара. Кредиттік 35 тұрғын үй, аендалық 24 үйдің құрылысы қанқынды жүруде.  Биылдың өзінде пайдалануға тапсырылатын 26 тұрғын үйдің алтауы тұрғындар игілігіне берілді. Тағы жастар жылы аясында  1000 жас баспаналы болмақ. 

Ғалымжан Өтенбаев - Шымкент қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары

-Елбасы 2019 жылын - Жастар жылы деп жариялады. Сондықтан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін биыл 3 мың жалдамалы пәтер салу жоспарлануда.

Салынып жатқан кез-келген нысанның сапасына қатысты бақылау күшейіпті. Бұған дейін, қабылдап алу комиссия құрамында тек бір техникалық қадағалаушы болса, енді олардыңсаны үшеуге артқан. Бұл, нысанның сапасына азаматтардың жауапкершілігін арттыратын болады.

Р.Бақытжанқызы                                      

 

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...