ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАСӨСПІРІМ АДАЛДЫҚҚА ҮНДЕЛДІ

17:54, 2 қыркүйек 2019

«1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай, еліміздің барлық білім беру ұйымдарында алғаш рет бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өтті. Өңірімізде бір уақытта 50 мыңға жуық жас адалдыққа үнделді. Оның ішінде 903 мектеп, 68 колледж, 2 жоғары оқу орны қамтылды.

Түркістан жоғары медицина колледжінде өткен адалдық сағаты  - өскелең жас ұрпақтың өн бойына парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге шақырды. Жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас  жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жайы сөз болды.   

Жарылқасын Әзіретбергенов - Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы

Шын мәнінде мемлекеттің өсіп, өнуі үшін біз тәртіпті болуымыз керек. Сонымен бірге жемқорлық пен сыбайластықты азайтуымыз керек. Сонда экономика өседі, дамиды.  Жастар тәрбиесіне көңіл бөліп, адал, таза болашақө қалыптастыруымыз керек.

 «Адалдық сағатында» білім алушыларға арнайы әзірленген бейнероликті көрсетілді. Адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл  қасиет екендігі жіті түсіндірілді. Шара барысында қоғам белсенділері студенттерге тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығына тоқталды.

Бұл игі бастама дәстүрлі түрде жыл сайын «1 қыркүйек – Білім күнінде»  басталып, оқу жылының соңына дейін  жүйелі түрде    өтетін болады.

М.ӘСЕМБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар