ШҰҒЫЛ! ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ Толығырақ

500 ГЕКТАР ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНАДЫ

11:55, 7 маусым 2019

Қазақстандағы ең үлкен жылыжай Келес ауданында салынады. Оның аумағы 500 гектар болмақ. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылыс жүргізуге ниетті ресейлік инвесторлармен кездесті. Оларды қызықтырған Келес ауданындағы құнарлы жер мен ауа райының қолайлы болуы. Мәселен бұл аймақ Қазақстандағы күн көзі ерте түсетін, ең ыстық жер.

ДИНАР НАХЫПБЕК – ТІЛШІ

Келес ауданын алып жатқан мына 500 га аймақта бірер жылдан соң көкөніс жылыжайы салынады. Бұл көрші Өзбекстанмен ауа  райы бірдей жер. Демек, көкөністің өнуі мен сапасы да өзбек ағайындардан кем болмайды. Өз кезегінде бұл нарықтағы көкөніс бағасын арзандатаитын болады.

Нұрбек Бадырақов – Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Өңірді дамыту үшін қолға алынған 480 жобаның бір бағыты – ауыл шараушылығы. Осы бағытта Үкімет басшысы көлемінде ресейлік инвесторлармен келіссөздер жүргізілген еді. Енді  жоба қолға алынбақ. Бұл – транспорттық логистикаға да өте ыңғайлы, газ тарту нүктесі бар, жылыжай салуға қолайлы орын.

«Экокультура» компаниясы мен Түркістан облысы әкімдігінің арасындағы меморандумға  2019 жылдың 17 мамырында қол қойылған. Қос тараптық келіссөз енді құрылыс салынатын аумақта жалғасты. Мұнда жылыжайға керек су жүйесі мен газ тарту мәселесі де сөз болды. «Экокультура» осыған дейін Алматы облысында 80 гектар жылыжай салған.

 Александр Рудаков - «Экокультура» агроөнеркәсіп компаниясының президенті      

 Орналасқан жері жылыжайдан көп өнім алуға мүмкіндік береді. Мұны алдымен атап өткен жөн. Біз бұған дейін Өзбекстанда да осындай жылыжайлар салып, қазір еңбегімізді ақтап отырмыз. Ауа райы мен күн радиациясының түсуі бірдей болғандықтан, алатын өнім сапасы мен дайын болу уақытында айырмашылық болмайды деп ойлаймын.

Жобаға Қазақстан тарапынан Green Land Alatau компаниясы серіктес болады. Жоспарланып отырған қаражат 1 млрд 100 млн АҚШ доллары. Құрылыс аяқталса, 10 000 аудан тұрғыны жұмыспен де қамтылады. Алдағы 5-6 жылда Қазақстандық көкөніс отандық және шетелдік нарықты жаулап алатынына қос тараптың да сенімі мол.

Д.Нахыпбек

Тақырып бойынша материалдар

КҮДІКТІЛЕР КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН СЫНАМА ТЕСТТЕН ӨТТІ
09:53, 4 сәуір 2020
КҮДІКТІЛЕР КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН СЫНАМА ТЕСТТЕН ӨТТІ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ
18:54, 3 сәуір 2020
ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 4 СӘУІР КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ САҒАТ 21:00-ДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ
09:55, 3 сәуір 2020
4 СӘУІР КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ САҒАТ 21:00-ДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ
Толығырақ...
51 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІКТЕН  COVID-19 БЕЛГІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:16, 1 сәуір 2020
51 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІКТЕН COVID-19 БЕЛГІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...