ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

500 ҮЙ ҚАЙТА САЛЫНДЫ

14:08, 10 қазан 2019

Арыс қаласында Төтенше жағдайдан зардап шеккен 500 үй сүріліп, қайтадан салынды. 7 мыңнан аса үй жөнделді. Бүгінгі таңда негізгі жұмыстар аяқталды. Дегенмен біршама үйлерде құрылыс жалғасып жатыр.

Арыс қаласының аумағында 8522 жеке және 104 көпқабатты үй бар. Төтенше жағдайдан соның  басым бөлігі зардап шекен болатын. Қала 17 секторға бөлініп, облыстарға бекітіліп берілген еді. Қазір ол жерлердегі  жұмыстардың басым бөлігі аяқталған.  

Мұрат Қадырбек – Арыс қаласының әкімі

Басында 22-үй сүріліп тастап қайтадан салынатын болса, құрылыс жұмыстарының барысында бұл 500-ге жуықтады. Енді санаулы үйлер қалды қалғанын аяқтап біттік.  

Мұнан өзге бүлінген кәсіпкерлік нысандары да қалпына келтірілді. Шағын және орта кәсіп өкілдеріне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы қаржылай өтемақы берді.

 Мұрат Қадырбек – Арыс қаласының әкімі

Қаланың аумағында 500-ден аса кәсіпкерлік нысандары болатын. Кіші наубайханалар, дүкендер, тойханалар, базарлар, автовокзалдар осылардың бәрін кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен жүргізіп жатыр. Бірақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өтемақы есебінен бірнеше транш бойынша төлеп беруде. Бүгінгі күні соңғы транштарды алып жатыр.

Сонымен қатар қала аумағында 67әлеуметтік нысанға зиян келген. Оның негізгілері күрделі жөндеуден өтті. Жедел жәрдем ауруханасы, тіс емханасы және спорт кешені сүріліп, қайтадан салынып жатыр. Бұл нысандар да таяу күндері пайдалануға беріледі.

Н.Кенжехан                     

                                     

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар