ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

5000 ЖАС КӘСІПКЕРГЕ НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

15:36, 11 шілде 2019

Елімізде «Жас кәсіпкер» бағдарламасы қолға алынды. Соның нәтижесінде биыл 5000 мың жасқа несие беріледі. Мемлекеттік қолдаудың арқасында, іскер азаматтар өз ісін ашып, кәсібін дөңгелете алады. Түркістанға іс-сапармен ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев келді жастармен кездесуде осыны айтты.

 Өңірімізде шағын және орта бизнес оңтайлы жолға қойылған. Ісін өрге домалатқысы келген азаматтар бар. Алайда Респбликалық деңгейдегі ірі кәсіпкер атану үшін, екінші дәрежелі банк тарапынан қолдау қажет.  Рухани шаһарға келген халық қалаулысы, бизнес саласындағы басты проблеманы ашып айтты.   

 Нұржан Әлтаев – ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

Бұл жақта  шағын бизнеспен айналысады. Ең бірінші ол қаражаттың тапшылғы. Қаражат бергісі келмейтін кейбір  банктер бар.  Жастарды осыған тарту керек 

 Ақерке Алипова Латвияда төрт жыл білім алды. Туған жерінде өз кәсібін қолға алды. Ұлттық тағамдар мейрамханасын ашты. Себебі жас кәсіпкер өзге елде , ұлттық құндылықтың бағасын сезінген.     

Ақерке Алипова – Жас кәсіпкер

Жастарға қазір көптеген мемлекеттік қолдаулар болып жатыр. Осындай кездесеудің көп болғанын қолдаймын. Бұл идея маған шетелде келді. Ол жақта өзге елдердің ұлттық тағамдар дайындайтын орындар көп. Бізде кішкеше төмен деңгейде. Соны казір қолға алдым. 

Енді кәсібін өрге домалатқысы келген 5 мың жас 16 млн теңгеге дейін қаражат ала алады. Бұған «Жас кәсіпкер» бағдарламасы негізінде екінші деңгейдегі банктер жұмыс істейді. Сонымен қоса жоба аясында  шағын және орта дамытуға 20 мыңдай грант беріледі.

А. Бидан                                                          

 

Тақырып бойынша материалдар

«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...
АРЫСТАН  ПАВЛОДАРҒА  ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
12:21, 18 шілде 2019
АРЫСТАН ПАВЛОДАРҒА ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...