ШҰҒЫЛ! 284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ Толығырақ

51 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІКТЕН COVID-19 БЕЛГІСІ АНЫҚТАЛДЫ

17:16, 1 сәуір 2020

Шымкентте короновирусқа шалдыққандар қатары 3 адамға жетті. Осы ауру белгілерімен бүгін 51 жастағы ер азамат ауруханаға жатқызылды. Науқас жақын арада коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз елдерге шықпаған. Десекте оның ұлы 14-ші наурызда Дубайдан келіпті.

Шетелден келген баласынан  вирусқа байланысты сынақта алынған. Ол теріс нәтиже берген.  Алайда дертке  орта жастағы әкесі шалдығып отыр. Қала тұрғыны 30-шы наурызда өзін жайсыз сезінген. Дәрігерлер оны  Шымкенттегі  №2 аурухананың алерго-пульмонологиялық бөлімшесіне жатқызған. Тексеру барысында COVID-19 белгілірі анықталыпты. Қазір науқас қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, ем қабылдауда. 51 жасар азаматпен  осы уақытқа дейін қарым-қатынаста болған 78 адам анықталған. Оларды оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Бұл тізім әліде өсуі мүмкін -дейді Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы. Науқасқа эпидемиологиялық зерттеу және індетке қарсы шаралар жалғасуда. Жағдайы әзірге бірқалыпты. Алдағы уақытта науқастың  тұрғылықты мекен жайы орналасқан аумақ оқшауланады.

Әбдіманап Төлебаев – Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы

 

Тақырып бойынша материалдар

2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ  МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ
18:26, 29 мамыр 2020
2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҚСАРЫП, ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ
18:21, 29 мамыр 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҚСАРЫП, ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...