ШҰҒЫЛ! ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ЖАҢА ТАРИФТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ Толығырақ

54 МЫҢ АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

14:15, 8 қараша 2018

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы Түркістан облысында жүйелі түрде жүзеге асуда. Осы жобаның аясында жыл басынан бері 54 мың адам жұмысқа орналасты. Шарапаты мол бағдарлама бойынша 8 мыңдай азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлімдеді.

Түркістан облысында биыл 65 мың адамды еңбекпен қамту жоспарланса, соның 83 пайызы жұмыс орнынан жолдама алған. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 7953 адам жолдама алған.

Мұхит Отаршиев – Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Әр ауылға өз шебері» акциясы бойынша 2600 азамат оқуға жіберіліп, Оның ішінде оқуды аяқтаған 2 мың адамның 1200-і немесе 63 пайызы тұрақты жұмысқ аорналасқан. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасына сәйкес, ұлттық қолөнер шеберлері, ұлттық тағамдарды әзірле уаспазшысы, суретші, кескіндемеші мамандықтары және дәнді дақылдарды өндеу, агротехникалық мамандықта рбойынша 2 мың адам білім алуда. Оның 1400-і оқуды аяқтап, 1 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан

Өңірде жаппай  кәсіпкерлікті дамыту бағыты да  нәтижесін беріп отыр. Жыл басынан бері «Бастау-Бизнес» жобасыаясында1730 арнайы оқудан өтіп, тиісті сертификаттарын алған.Құжаттандырылған 215 маман 1млрд. теңге көлемінде шағын несиеге қол жеткізген.

Мұхит Отаршиев – Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Шағын несиемен қамтамасыз етуге жоспарланған 792 адамның 543-і  2,3 млрд. теңге көлемінде шағын несие алып, нәтижесінде 842 жаңа жұмыс орны құрылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту шеңберінде 43700 адамға қызмет көрсетілген. Өңірдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз, жастар арасындағы жұмыссыздық 4,4 пайызға төмендеп отыр.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:31, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
11:39, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
Толығырақ...