ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

56 506 ОҚУШЫ БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРДЫ

13:47, 2 қыркүйек 2019

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 7 мектеп пайдалануға беріліп, 488 520 оқушы мектепке барды. Олардың ішінде 56 506 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Бірінші сыныпқа барғандардың 10 пайыздайы облыс орталығындағы мектептердің оқушысы атанды. Білім жолына қадам басқан шәкірттерді жаңа оқу жылының басталуымен қала әкімінің өзі арнайы құттықтады.

Бұл облыс орталығындағы Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы. Бұл білім ошағында осы оқу жылында 3800-ден астам оқушы білім алатын болады. Олардың 10 пайызы биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттағандар. Биылдан бастап бұл мектепте біраз пән ағылшын тілінде оқытылады. Ал, қала бойынша 4-9 -10 сыныптар толығымен жаңартылған білім жүйесі арқылы білім алады.

 Ақмарал Батырбекова – Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы

Қазіргі таңда 77,8 пайыз сынеыптардың барлығы  осы жаңартылған бағдарламамен білім алады. Ал, 2020 жылы соңғы сынып 11 сынып осы бағдарлама бойынша білім алуға көшетін болады. Тағы бір ерекшелік мына жаңадан үш пәннің еніп жатқаны.

 Жаңа пәндердің енуі бойынша бүгінде ешқандай мәселе жоқ. Қажетті мамандар оқытылып, аудиториялар дайындалған. Ол үшін қала билігі барынша қолдау көрсетіпті.

Рашид Аюпов – Түркістан қаласының әкімі

Түркістанда үш бірдей мектепте оқушылар саны шамадан тыс артып  үш ауысымға көшу қаупі жоғарылаған. Осындай мәселені ретке келтіру үшін  бүгінде қалада 900 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр.Аталған нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп межеленген.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...