ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

59 ҚЫЗМЕТ ТҮРІ БОЙЫНША ТАРИФ ТӨМЕНДЕГЕН

12:55, 15 ақпан 2019

2019 жылы өңірімізде 59 қызмет түрі бойынша тариф құны төмендеген. Нақтырақ айтсақ, газды тасымалдау 12,7, ал электр энергиясын тасымалдау 10,2 пайызға арзандапты. Нәтижесінде облыс тұрғындары коммуналдық төлемдерге жұмсайтын қаражатын 3 млрд теңгеге дейін үнемделген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтe айтылды.

Елбасы тапсырмасынан кейін бізде жарық, көгілдір отын, су қысқасы бәрі-бәрі біршама арзандаған. 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап коммуналдық тарифтер бағасы төмендеген.

Қымбат Бейсенов - Түркістан облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары

-Электр энергиясын тасымалдау құны 1-ші қаңтардан бастап 10 пайызға төмендеген. Яғни 7,38 ден – 6,64 тиынға төмендеп отыр.  Газ тарифі 12,7 пайызға төмендетілген.

Ол үшін табиғи монополия субъектілері уақытша өтемдік ақы  бекітіп, халық ортақ тарифпен төлем жасаған.

Қымбат Бейсенов - Түркістан облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары

-Бізге жыл сайын табиғи монополия субъектілері есеп береді. Олар уақытша өтемдік тарифтерді бекітті яғни халық осы арзандатылған тариф бойынша коммуналдық қызметтерде төлем жасап отыр.

Егер тұтынушы «Қазпочта» арқылы төлем жасаса, түбіртек үшін 150 тенге көлемінде комиссия алынатын. Енді аталған департамент комиссиялық төлем көлемін азайтатын болады.

М.Жарылқасын                                                                                              

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...