ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

6 АЙДА ШЫМКЕНТКЕ 111 591 ТУРИСТ КЕЛГЕН

15:18, 9 қазан 2019

Еліміздегі үшінші мегаполиске қыдырып келуші туристер қатары артқан. Ағымдағы жылдың алты айында Шымкентке әлемнің түпкір-түпкірінен жүз мыңнан астам адам саяхаттап келген. Туризм бағытындағы атқарылған шаруалар басқарманың алты айлық есебінде айтылды.

Шымкентте туристік инфрақұрылымды дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру, туризм жұмысын ширату бағытында ауқымды шаруалар атқарылды. Туристерге ақпараттық қолжетімділікті арттыру үшін басқарма  тарапынан бірқатар жарнамалық ақпараттық материалдар шығарылды. Атап айтқанда, «Шымкент 24 сағатта», «Шымкент. Тарих ізімен», «Балаларға арналған Шымкент» тақырыбында 60 мың бүктеме, 77 мыңнан астам туристік карталар, «Шымкенттегі үлкен экскурсия» 350 кітапшасы шығарылды. «SCAT» әуекомпаниясының «Аспан» борттық  журналында ай сайын Шымкент қаласы туралы мақалалар жарияланады. Нәтижесінде биыл қалаға келушілер саны өткен жылға қарағанда 30 пайызға көбейген.

Ғазиза  Кулимова – Шымкент қаласы туризм басқармасының бас маманы

Қазақстан республикасының басқа аймақтарынан келген туристтер саны  97 418-ді құрап Былтырғы жылмен салыстырғанда 35 пайыз өсім байқалады шет елдік туристтер саны .  14118 құрап 60 пайызға артып отыр.

Қаламызда  туризм тартымдылығын арттыратын тарихи нысандарда баршылық. «Цитадель»  сайрам ауылындағы кесенелерде рухани саяхатты сүйетіндер қатарын арттырады.  Туризм басқармасының ұсынысымен өңірлік деңгейдегі  ТОП-50   картасы нысандарының тізбесі нақтыланды. Оның ішіне   «Ескі қалашық» кешені енгізілген. Десекте «Цитадель» жобасымен қатар, «Ескі қалашық» аумағын толығымен бірегей стильге келтіру үшін қыруар қаржы керек,дейді мамандар.

Азамат Қалқабаев – Шымкент қаласы туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Қазақстанның турисьтификациялау картасының объектілеріне инженерлік-техникалық инфрақұрылымды қамтамасыз ету, сондай-ақ жобалық компаниялардың капиталына тікелей бақылаусыз қатысу арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру есебінен қол жеткізілетін болады.

Шымкентке келушілер қатары жыл сайын артып келеді. Алайда өзге өңірлер  арасында саяхатшылар санынан  мегаполис 10-шы орында тұр.  Ауа райы қолайлы, сервис құны арзан, ас мәзірінің сан алуандығымен ерекшеленетін аймаққа бұл көрсеткіш көңіл көншітпесі  анық.

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...