ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

60 мың әскери баспаналы болады

15:43, 4 қазан 2017

60 мыңнан астам әскери баспаналы болады. Мәжілісте осындай мақсатты көздейтін құжат талқыланды. Оған сәйкес әскери қызметшiлерге баспананы жалдау үшiн өтемақы төленбейдi, бірақ әрі кетсе 15 жылдың ішінде ол өз пәтеріне ие болады. Жасыратыны жоқ, қолданыстағы заңнаманың шикі тұстары жетеді. Бюджеттен бөлiнген миллиондаған ақша жалға берушiге кетiп, әскери қызметкер мен оның отбасы қызметi аяқталысымен баспанасыз қалып отыр.

       Айдар Нұржанов он жылдан бері әскери қызметте. Тұрақты жұмысы бар, бірақ тұратын үйі жоқ. Баспана мәселесі талай адамның базынасына айналды дейді ол. Айдардың отбасында 5 бала бар, енді құстың ұясындай болса да өз үйім болса, ешқандай уайым болмас еді деп отыр.

       Үш жылда әскерилердің баспанасын жалға алу үшін 50 млрд теңге жұмсалған. Бұл қаражат үйлерін жалға берген жеке кәсіпкерлердің қолында кетті. Енді жаңа құжатқа сәйкес 60 мыңнан астам адам баспаналы болмақ, бірден емес әрине. Кезең кезеңмен. Тұрғын үй төлемдерiнiң 100 пайызы екiншi деңгейлi банктердiң арнайы шоттарына аударылады. Төлем үйдегі адам санына байланысты беріледі.

Астанада 4 адамнан тұратын бір әскеридің отбасына ай сайын 200 мың теңгедей беріледі. Сонда 25 жылдың ішінде бір отбасыға 50 млн. теңге жұмсалады. Жаңа норма бойынша әскери азамат шамамен 12 жылда баспаналы болады.

       Бюджеттік қорда 57 млрд теңге бар. Ол қолжетімді баспана бағдарламасы бойынша 2008 жылы бөлінген еді. Тек әскерилердің үйлері үшін шамамен 114 млрд теңге жұмсалады.

ТАЛҒАТ МҰХТАРОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

  • Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін келер жылы қосымша 13,6 млрд теңге керек. Оны республикалық бюджеттік комиссия мақұлдады. Барлық санаттағы әскерилерге баспана алуға мүмкіндік береді.

       Аталған бағдарлама бойынша ұсынылатын тұрғын үй заемы 5% жылдық мөлшерлемемен беріледі. Алдын ала займның мөлшерлемесі 6,9%-дан басталып, 7,8%-ға  барады.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

  • Тек қана тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен емес, басқа банкілерден де несие алып, соны төлеуге де мүмкіндік береді. Тұрғын үй жинақ банкі арнайы жоба ұсынып отыр. Оған сәйкес бастапқы пайыз тіпті нөл пайыздан басталады.

        Тұрғын үй құрылыс  жинақ банкінің әлеуеті жете ме? Елімізде жыл сайын 10 млн шаршы метр тұрғын үй салынады екен. Бұл рекордтық көрсеткіш дейді мамандар. Үйі жоқтың күйі болмайтыны белгілі, ал қазақтың қауқары әскери жауһары. Сондықтан да бұл құжаттың тиімді тұстары жетеді. Мәселен, әскери жұмыстан шығып кеткен жағдайда да ұпайы түгел болады.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

  • Егер әскерилер жұмыстан шығып жатса, онда сол жұмыстан шығып кеткен уақытына шейін төленетін болады, егер әртүрлі жағдайлар болып, денсаулығына зиян келіп жатса, ондай әскерилерге жаңа үй сатып алуға жеткілікті қаржы бөлінетін болады.

       Әскеріміз қуатты болудың бір көрсеткіші – қызметкерлердің алаңсыз қызмет етуінің бір кепілі баспана. Бұйырса  келесі жылдың өзінде төрт мыңға жуық әскери үйлі болады. Бұл бір жағынан экономиканың дамуына оң серпін береді,  елдегі құрылыс саласының тамырына қан жүгіртеді. Құжатты жылдың соңына дейін қос палата қараса,  Заң 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді деген жоспар бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
16:08, 17 қазан 2018
КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН  ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
18:01, 17 қазан 2018
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...