ШҰҒЫЛ! ЖОҒАЛҒАН БАЛА ТАБЫЛДЫ Толығырақ

61 ТҮЛЕК «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРІ АТАНДЫ

12:25, 16 шілде 2019

Отырар ауданы білім саласынан өзге аудандармен салыстырғанда көш басында. Мәселен, өткен жылы ҰБТ нәтижесі бойынша 31 оқушы «алтын белгі» иегері, 11-і үздік аттестат алған. Биылғы жетістік одан да жоғары. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов үздіктерді қабылдап, марапаттады.

Отырар ауданы сан салада дамып келеді. Оның ішінде білім саласы жағынан жоғарғы көрсеткішке ие.Биыл 61 түлек «алтын белгі», ал 26-сы үздік аттестатқа қол жеткізді.  Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Білім бәсекесінде бағы жанған түлектерді аудан басшысы арнайы қабылдап, құттықтады.

Ерлан Айтаханов -  Отырар ауданының әкімі

Бүгінде тәуелсіз елімізде жастарымыздың жан-жақты терең де сапалы білім алуларына мемлекет тарапынан әрқашан қолайлы жағдай жасалып келеді. Бұл еліміздегі дұрыс жүргізіліп келе жатқан сындарлы саясаттың арқасында екендігі ақиқат.Биылғы жылғы түлектер түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Балалық шақтан болашаққа қадам басқан жалынды жастар ауданымыздың білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты. Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сендерсіңдер. Сондықтан да жауапкергілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен көріне беріңдер
 

Киелі мекенімен танылған Отырар ауданы жылдан жылға көркейіп келеді. Енді туған жерден түлеген әрбір жас әулиелі өлкенің абыройын асқақтатып, мәстебесін арттыруға тиіс. Сапалы білім мен саналы тәрбие алған бітіруші түлектер өңірдің өркендеуіне үлес қосуға ниетті.

М.ӘСЕМБЕК                                      

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
19:39, 18 қыркүйек 2020
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
18:28, 18 қыркүйек 2020
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
13:51, 16 қыркүйек 2020
САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
15:57, 15 қыркүйек 2020
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...