ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

20:55, 29 тамыз 2019

Конституция күні мерекесі қарсаңында Түркістанда 660 отбасы баспаналы болды. Мереке қарсаңында үйлі болған азаматтарға кілтті өңір басшысының өзі тапсырды. Облыс әкімінің қолынан пәтер кілтін алғандардың барлығы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы мүшелері. Оларға баспаналар мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілді.

Алғаш болып 3 бөлмелі пәтер кілтін алған Дана Оралбаева көпбалалы ана. 7 жылдан бері үй кезегінде тұрған оның бес баласы бар. Өзі мектепте мұғалім. Отағасы әртүрлі жұмыс істейді. Бүгін көптен бергі армандары орындалып, отбасы үлкен қуанышқа кенелді.

Дана Оралбаева – жаңа қоныс  иесі

7 жыл болды кезекте тұрғаныма. Мына Конституция күні қарсаңында пәтер кілітін алып отбасымызбен қуанып отырмыз. Барлығына үлкен рахмет. Құдай қаласа барлық үйсіз отбасыларға жұғысты болсын.

Пайдалануға берілген бұл баспаналар Отырар мөлтек ауданында орналасқан. Бұл аумақта бүгінде 100-ге жуық көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін солардың тағы 10-ының құрылысы бітіп пайдалануға беріледі. Сол кезде тағы 600-дей отбасы баспанамен қамтылады.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Нұрлы жер бағдарламасымен баспаналарда салынып біте бастады қазір. Мына өздеріңіз көріп тұрған аумақта 88 көпқабатты үйлер саланып жатыр. Сондықтан бүгін мынау көтеріңкі көңілмен пәтер иелеріне кілттерді тапсыруға рұқсат етіңіздер. Мынау баспаналарыңыз құтты болсын!!  

Бүгінде Түркістанда 10 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Олардың 4500-дейі тұрмысы төмен отбасылар болса, 2500-і көпбалалы аналар. Одан бөлек 2500-дей бюджеттік сала қызметкерлері және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен баспанасы апатты деп танылған жанұялар. Бүгінгі баспаналар сол тізімде тұрған отбасыларға берілді. Одан бөлек бүгінде қалада баспананы мемлекеттік бағдарлама бойынша сатып алғысы келетін азаматтар үшін арнайы үйлер салынып жатыр.   

Әбутәліп Асанов – Түркістан қалалық тұрғын-үй қатынастары бөлімінің басшысы

Мынау 7-20-25 бағдарламасы аясында комуналдық үйден бөлек құрылыс жүріп жатыр. Мынау алматыдан келген және түркиялық инвесторлар осы бағдарлама аясында 50-ге тарта үйдің құрылысын бастады. Ол енді 2020 жылы пайдалануға берілетін болады.

Бұдан бөлек қалалық тұрғын-үй қатынастары бөлімі  азаматтарға 2 пайызбен несие беру арқылы баспана сатып алу бағдарламасын қолға алыпты. Ол іс тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі арқылы жүзеге асырып жатқан көрінеді. Жақында қолға алынған бағдарлама арқылы бүгінде 20-ға жуық азамат үй алуға өтініш білдіріпті.

М. ЖАРЫЛҚАСЫН                                                                   

 

Тақырып бойынша материалдар

СӘБИЛЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӘСІПОРЫН
18:16, 20 қыркүйек 2019
СӘБИЛЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӘСІПОРЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
14:14, 17 қыркүйек 2019
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...