ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ Толығырақ

68 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

18:26, 12 маусым 2019

Осы жылы облысымызда 4 апатты және 4 үш ауысымды мектептің мәселесі оң шешімін табады. Ал, жаңа оқу жылында 26 білім беру ұйымының оқушылары жаңа мектептің табалдырығын аттайды.

Қолда бар мәліметке сүйенсек бүгінде тұран даласында 68 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың барлығының да қаржы мәселесі шешілген. Арасында іргетасы өткен жылы қаланған білім ошақтары да бар. Қазір барлық нысандарда жұмыс белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Бұйыртса бәрі өз мерзімінде бітеді деген жоспар бар. Тіпті облыс орталығы Түркістанда еңсе тіктеп жатқан 900 орындық мектеп құрылысы мерзімінен бұрын пайдалануға берілуі мүмкін. Ал, қалғандары өз уақытында тапсырылады. Сонымен қатар биыл облыста өрт оқиғаларының алдын алуға арналған арнайы ғимарат салынабақ. Ол үшін бүгінде облыстық бюджеттен  қаржы қаралып отыр. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы берген ақпаратқа сүйенсек тілсіз жаудың алдын алумен айналысатын орталық Төлеби ауданының орталығында бой тіктейтін болады.

 Арман Абдуллаев – Түркістан облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы

Кезінде біз облыстық бюджеттен Шымкент қаласында салғанбыз. Енді ол Шымкент қаласында қалып кетіп отыр. Біздің облыста басқа өрт қауіпсіздігіне байланысты ДПО жоқ. Сондықтан біз кезінде Ленгер қаласында құжатын жасағанбыз. Өзімізге бір ДПО керек. Оны салмасақ болмайды.

М. Жарылқасын                                                                   

 

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ
16:28, 23 тамыз 2019
СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар