ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

"7-20-25" ипотекасы қашан беріле бастайтыны анықталды

16:29, 13 наурыз 2018

"7-20-25" ипотекалық кредит беру бағдарламасы мамырда бекітіледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков үкімет отырысынан кейінгі брифинг кезінде мәлімдеді.

"Жыл ортасында дайындық шаралары толық аяқталып, ары қарай кредит бере бастаймыз деген ойдамын. Бұл кредиттердің алғашқы пулы қалыптасқаннан кейін, бізге қарасты ұйым бұл кредиттерді сатып алады, яғни, механизм іске қосылады", - дейді Смоляков. Оның сөзінше, бағдарламаны бекіту мамырға жоспарланған. "Қатысатын банктердің қаржылық жағдайы ескеріледі. Банктер жылына 70-80 миллиард теңге ипотека береді. Бағдарламаны іске асыру арқылы бұл кемінде 30-40 пайызға артады", - дейді ол. Смоляковтың сөзінше, жаңа бағдарлама құрылысқа тәуелді емес, бірақ, жұмысын "7-20-25" шарттарына сәйкес келетін пәтерлер бойынша "Нұрлы жермен" үйлестіріп отырады. "Кредиттің максимал көлемі анықталады. Кредитке 20 миллион теңге алынса, үлкен қалалардағы пәтер бағасы, онда кредит алушы айына 140 мың төлеуі керек болады. Ал аймақтық сипат және кредит мөлшері 7 миллион болса, онда айына 50 мың теңге төлейді. Бағдарлама жалпылай икемді", - дейді ол. Оның сөзінше, бес жылда Ұлттық банкке қарасты ұйым триллион теңгедей қаржы тарта алады. Еске салайық, 5 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Нұрсұлтан Назарбаев "7-20-25" атты жаңа бағдарламаны ұсынған болатын.
 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫН КӨРГЕНДЕР АЛҒЫС АЙТТЫ
20:12, 20 наурыз 2019
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫН КӨРГЕНДЕР АЛҒЫС АЙТТЫ
Толығырақ...
ОТЫЗ ЖЫЛ ЕЛДІ БАСҚАРҒАН, БАРЛЫҚ ЕЛМЕН ДОС БОЛҒАН...
20:12, 20 наурыз 2019
ОТЫЗ ЖЫЛ ЕЛДІ БАСҚАРҒАН, БАРЛЫҚ ЕЛМЕН ДОС БОЛҒАН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...