ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

7000 ОТБАСЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАТЫН БОЛДЫ

17:12, 15 сәуір 2019

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында 2019 жылдың 1 сәуірінен бері 1400 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат тапсырған. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш өседі. Өйткені, аталмыш аудан 7000 отбасына көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Нұр Отан партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының кезектен тыс 37-конференцисында айтылды.

Конференцияға Бастауыш Партия ұйымдары мен саяси кеңес мүшелері, мәслихат депуттары мен мемлекеттік орган басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі басты мәселе – Нұр Отан партиясының төрағасы, Тұңғыш президент – Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның 18 съезінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру.

Данияр Тілеубергенов  - «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе, партия төрағасы, Елбасы – Нұрсұлтан Назарбюаевтың партияның 18-съезінде тапсырған тапсырмаларын орындау.

Әл-Фараби ауданы аумағында 4834 көпбалалы ана, 3500-ге жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасы тұрады. Конференцияда осы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жоспары таныстырылды. Сондай-ақ аудандық кәсіпкерлер 690 отбасына әр түрлі көмек беруді жоспарлап отыр.  Бұл қайырымдылық акциясы «Бақытты отбасы» жобасы аясында іске асады.

 

Д.Нахыпбек

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...