ШҰҒЫЛ! ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ Толығырақ

77 ОҚУШЫ УНИВЕРСИТЕТ БІЛІМ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

18:19, 18 сәуір 2018

Еліміздің 77 оқушысы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің білім грантын жеңіп алды. Олар бұл жетістікке V Республикалық «Яссауи» пәндік олимпиадасының қорытындысы негізінде қол жеткізді. 6500 шәкірттің арасынан оза шапқандарды оқу орнының басшылығы құттықтап, еліміздің білім көкжиегінде жоғары жетістікке жететіндеріне сенім білдірді.

Уәлихан Әбдібеков – Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры

Біз оқимын, талпынамын деген балаларға қашанда қолдау білдіруге әзірміз. Оның дәлелі - осы сайыс. Еліміз, Елбасымыз қашанда білім саласына жіті көңіл бөліп отыр. Оның айғағы осы білім гранттары. Құтты болсын!

Республикалық пән олимпиадасына еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 11-ші сыныпта оқитын 6500-ге жуық оқушы қатысты. Шара Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы негізінде қолға алынып отыр. Мақсат – ел ішінде дарынды балаларды анықтай отырып, оларға қолдау жасау. Оқушылардың тегін сапалы білім алуына мүмкіндік туғызып отырған олимпиада жастардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін арттыра түседі,-дейді ұстаздар.

Гүлшат Омарова – пән мұғалімі  /Қарағанды/

Жас буынның ой- өрісі жетік дамыған. Оны осы сайыстан аңғарып отырмыз. Біз Қарағанды облысынан келіп отырмыз. Барлық балаларды қарап отырып, міне, таңданудамыз. Жақсы дайындалған. Бірінен бірі озып тұр.

Байқау жеңімпаздарына ҰБТ-дан 50 баллдан жоғары ұпай жинау шартымен Ахмет Яссауи университетінде шәкіртақысыз тегін білім алу құқығы берілді. Ал, сайыста сағы сынғандар ҰБТ-да жинаған 50 ұпаймен 25 тамызда сарапқа салынатын Түркия мемлекетінің 700 грантын иелену мүмкіндігі бар.

Ұлан Зейнелқабден – грант иегері (Ақмола облысы)

Біз 5 бала болып келген едік, екеуі ұтылып қалды. Мына оқу орнын көріп қызығып отырмыз. Базасы өте жоғары. Аралап көрдік, таңданып тұрмыз.

Айтып өтейік, үш айға жалғасқан олимпиаданың І іріктеу кезеңі – online түрде 2018 жылдың 1-4 наурыз күндері өткізілген. Жалпы 6500-ге жуық оқушы өтініш білдірген. Университет базасында өткен ІІ кезеңге 454 оқушы қатысып, 77 жасөспірім жеңімпаз атанды. Енді олар осы оқу орнының студенттері сапына енеді.

П.Биназарқызы 

Тақырып бойынша материалдар

КҮДІКТІЛЕР КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН СЫНАМА ТЕСТТЕН ӨТТІ
09:53, 4 сәуір 2020
КҮДІКТІЛЕР КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН СЫНАМА ТЕСТТЕН ӨТТІ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ
18:54, 3 сәуір 2020
ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 4 СӘУІР КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ САҒАТ 21:00-ДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ
09:55, 3 сәуір 2020
4 СӘУІР КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ САҒАТ 21:00-ДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ
Толығырақ...
51 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІКТЕН  COVID-19 БЕЛГІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:16, 1 сәуір 2020
51 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІКТЕН COVID-19 БЕЛГІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...