ШҰҒЫЛ! АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҰЗЫП ЖАТЫР Толығырақ

8 АЙДА 31 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛГЕН

12:21, 1 қазан 2019

Биыл Келес ауданында диқандар 8 айда 31 млрдқа жуық қаржының өнімін өндірген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 53 млрд теңге деп белгіленген. Дегенмен, жылына 2-3 рет өнім алу әдісі арқылы жоспар 60-65 млрд. теңгегеге ұлғаяды деп күтілуде. Бұл жөнінде Келес ауданының әкімі журналистерге берген есебінде баяндады.

Аудандағы егістік алқабының 23 гектары суармалы жер.  Аймақта алдыңғы қатарлы технологияны пайдалана отырып, жылына 2-3 рет өнім алатын 28 жоба іске қосылған. Бірінші айналымнан шаруалар 4 275 тоннаны құрайтын 405 млн теңгенің өнімін жинаған.

Ақментай Есбаев – Келес ауданының әкімі

Аймақта шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау мол. Былтыр аудан кәсіпкерлері екінші деңгейлі банктерден 3 млрдқа жуық несие алған. 60 азамат істі жүргізу жөніндегі сауат ашқан.

Ақментай Есбаев – Келес ауданының әкімі

Келес ауданында 53 елдімекен,11 ауылдық округ бар. Ондағы халық саны  142 мыңға жуықтайды. Биыл өңірдегі 25 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүрген. Оған мемлекет қазынасынан 2,1 млрд. теңге бөлінген.

Д.Өмірзақова                                                                    

 

Тақырып бойынша материалдар

ФИТО САНИТАРЛЫҚ ҚҰЖАТ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
13:41, 27 мамыр 2020
ФИТО САНИТАРЛЫҚ ҚҰЖАТ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТІК БУХГАЛТЕР ӘУЕС ІСІН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРДЫ
13:40, 27 мамыр 2020
ШЫМКЕНТТІК БУХГАЛТЕР ӘУЕС ІСІН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
18:29, 22 мамыр 2020
БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...