8 елдімекен табиғи газбен қамтылды

Сондай-ақ, наурыз мейрам қарсаңында Сарыағаш ауданындағы Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындары да тарихи сәттің куәгері болды. Құрамында 14 елдімекен бар шекаралы аймақ толықтай табиғи газбен қамтылды. Ал, бұл жұмысты жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 991 млн. теңге жұмсалған

19:22, 20 наурыз 2017   306

Ауылға көгілдір отын тартылғаны, әсіресе, үй шаруасындағы нәзік жандылардың жанын жадыратқандай. Жазымен тезек теріп, күн суықта күл шығарып, күнелткен келіндер «енді қолымыз ұзаратын болды» - деп, қуануда.

Гүлайна Ермекбаева – «Ақжар» ауылының тұрғыны

Ауылға газдың тартылғаны жақсы болды. Бұрын әсіресе, қыста қатты қиналатын едік. Өйткені, үйді тастап кетсе, батарейкалар қатып қалатын. Енді жақсы болды. Қосымша жұмыспен айналысуымызға да болады.

Негізінде Ақтөбе ауылдық округін табиғи газбен қамту ісі 2015 жылы басталған. Нәтижесінде өткен жылы сондағы біраз тұрғын көгілдір отынға қол жеткізген еді. Былтыр қажетті қаржының толық бөлінуінің арқасында округтегі 1700 отбасы толықтай табиғи газды тұқтыну мүмкіндігіне ие болды.

Жансейіт Түймебаев – Облыс әкімі

Елбасының ауылдарды газдандыру бойынша берген тапсырмасы орындалып, қазір мінекей 1700 үйге газ беріліп жатыр. Мінекей мұның барлығы Ертеңгі Наурыз мерекесінің алдындағы Елбасы тапсырмасына сай Үкіметтің сіздерге деген сыйлығы. Сондықтан құтты болсын. .

Газ келді деп жалқау болып кетпейсіздер ме? – Жоқ келіндерді одан бетер қуамыз енді.  - Сол келіндер бар, өздеріңіз енді барлық күшті бақшаға, мал шаруашылығына жұмсаңыздар. Қазір кооперативтен қандай жеңілдіктер беріліп жатр. Соны пайдаланыңыздар.

Осылайша аудандағы табиғи газбен қамтылған ауылдар саны 74-ке жетті. Бұл жалпы - Сарыағаштағы ауылдардың 48 пайызы. Осыны ескерсек, курортты аймақта ауылдарды газдандыру ісін әлі ширата түсу керек.

МАҚСҰТ  Жарылқасын

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07