ШҰҒЫЛ! ӘКІМ УӘДЕСІНДЕ ТҰРДЫ,ТҰРАНҒА АТ БАСЫН БҰРДЫ Толығырақ

9 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

12:46, 13 ақпан 2020

Төлеби ауданында бірден тоғыз елді мекенге газ берілді. Сөйтіп тау бөктеріндегі аудан халқының 82 пайызы көгілдір отынмен қамтыды. Алдағы уақытта бұйыртса бұл көрсеткішті жүз пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Салтанат Ембердиева  Тасарық ауылының тұрғыны. Талай жыл  жаздың күні шыбық тұтатып, қыс бойы күл шығарып күнелтіп келген.  Қанша жылдан бері арман етіп келген газға биыл қол жеткізіп отыр. Шаруасын  жеңілдеткен мемлекет пен билік басындағыларға алғыстан басқа айтары жоқ.

Салтанат Егембердиева

Алдын ала бізге айтқан болатын , кіргізе беріңіздер деген болатын. Трубалардың барлығын былтыр орнатқан. Тұрғындардың барлығын күттік. Сәттін салып бүгін газ кірді. Рахмет. Бұрын от-көмір жағатынбыз. Көмірдің бағасы қымбат. Жылына 5-6 тонна кетеді. Жұмысыда ауыр. Жұмысымыз жеңілдеді. Өте қуаныштысыз.-//01:03//

Тасарық, Оңтүстік және Қаратөбе ауылдық окургтеріне қарасты тоғыз елдімекенге газ құбырын тарту үшін республикалық бюджеттен 1млрд 988 млн теңгеге жұмсалған. Нәтижесінде тау бөктеріндегі Майбұлақ, Төңкеріс, Балдыберек, Ханарық сынды ауылдарға көгілдір отын барды. Көпшіліктің қуанышына ортақтасқан Облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі бұл жұмыстың жүйелі жалғаса беретінін жеткізді.

Бауыржан Омарбеков- Төлеби ауданынның әкімі

Тасарық және Қаратөбе ауылдық округінің жалпы 9 елді- мекенінде газге қосу жұмыстары жүргізілді. 9 елді-мекенде жалпы саны 1542 абонент бар, 8400 тұрғын газбен қамтылмақ. Оларға газ берілгенімен әр үй өздері кіргізу керек газды. Бұл жұмыстар 2017 жылдаң бастау алды. 2019 жылы соңғы 2 ауылдың газ кіргізу мәселесін аяқтадық. Республикалық бюджеттен 1988 млн тенге бөлінді./

Ауылға келіп, еңбек етемін деген отбасыларға барлық жағдай жасалған. Су мен жарық бар. Енді міне табиғи газбен де қамтылған. Мұндай жағымды жаңалықтар ауыл халқын үлкен қуанышқа бөлеуде.

Муса Мамбетқұлов – Тасарық ауылының тұрғыны

6166/00:32//01:12// /Акімдікке рахмет. Бір қадам болсада алға жылжып, өркениетті елдердің қатарына жақындауымызға үлес қосты. Қыста ауылда өте суық, таулы аймақ болған соң. Қазан- мамыр айларына дейін көмір жағып жүретінбіз. Газге үлкен рахмет. Халықтың атынан үлкен рахмет ауылымызда ауыз су да быр./

Қарақат Жүнүсова – Қаратөбе ауылының тұрғыны

Газ келіп жатыр, жарық бар, көшелердің барлығы жарқырап тұр. Суымыздар бар. Елдің ындымағы нығайған. Еліміз аман болсын. Әкімшілікке рахмет./

Жыл соңына дейін тағы бірнеше елдімекенге газ қосу жұмысы аяқталып, тұрығындар игілігіне берілетін болды. Бұл мәселелер түгел шешілген тұста табиғаты тамылжыған ауыл халқының тұрмыс – тіршілігі одан сайын жақсара түсетіні анық. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ  ҰРЛАП  ҚАШҚАН
18:06, 20 ақпан 2020
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАП ҚАШҚАН
Толығырақ...
АСЫРАП АЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ КЕРІ ҚАЙТУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
17:32, 19 ақпан 2020
АСЫРАП АЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ КЕРІ ҚАЙТУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
Толығырақ...