ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

9 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ КӘСІП АШТЫ

12:48, 12 шілде 2019

Көп балалы және табысы аз отбасыларға үкімет тарапынан қаржылай атаулы әлеуметтік көмектің берілуі Сарыағаш ауданында 9 мыңнан астам азаматтың өз бетінше кәсіп етіп, табыс табуына сеп жасады. Сондай-ақ биыл тағы 7 мыңнан астам отбасыны жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік жоспар түзіліп отыр. Оларға қайтарымсыз қаржы беру арқылы кедейшіліктің қамытынан біржола құтылуына мүмкіндік жасалмақ.

Нұрбек Бейсенбай - әлеуметтік көмектің арқасында бағбан болды. Ауласына  жылыжай салып,  онда гүлдің 30-дан көп түрін  өсіруде. Аумағы  3  соттық болатын жабық кешенде  жұмыс қызу. Қыста гүл көшеттерін дайындады. Қазір дайын өнімді шетінен сатып жатыр. Осы кәсіптің арқасында  қазір көпбалалы отбасының тұрмысы  оңала бастаған.

 НҰРБЕК БЕЙСЕНБАЙ - САРЫАҒАШ  ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

                Гүлдің түр-түрін егемін. Үй гүлдерін де өсіремін. Мысалы, мына гүлдерді Питерге жіберуім керек. Алматыдан хабарласып, үйден келіп алып кетеді. Өзімнің тұрақты клиенттерім бар.

      Ал үкіметтің қаржылай қолдауын алған Арман Бердалиев  жалдамалы жұмысын қойды. Інісімен бірігіп, аудан орталығынан ағаш шеберханасын ашқан. Ағаштан табақ, астау, тегене, шөміш, кесе сияқты ыдыс-аяқтар жасайды. Тапсырыс болса бесік пен ер-тұрман да шабады.

 

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...