ШҰҒЫЛ! ІНДЕТТЕН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫ ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛДЫ Толығырақ

А. МАМИН САПАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒАСТЫ

13:53, 18 наурыз 2019

Үкімет басшысы Асқар Мамин сапар барысында Шымкенттегі бірқатар нысандарды аралап, шаһар шырайын арттырудағы жұмыс барысымен танысты. Премьер-министр ат басын бұрған нысанның бірі - «Шымкент сити» мөлтеукауданы. Онда қазір құрылыс жұмыстары қарқын алған. Бұл мөлтекаудан көркімен көз тартар аймаққа айналмақ.

Бұл – миллиондар мекенінің жүрегіне айналар аумақ – «Шымкент сити» деп аталады. Мұнда қазір қоғамдық тіршілікке әр беретін мемлекеттік шаралар, халықаралық жиындар өтетін «Конгресс орталықтың» құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын  «BI group» компаниясы қолға алған. Нысан аумағы 15 мың шаршы метрді алып жатыр. 2300 орынға арналған орталық жобасының жалпы құны – 10 млрд теңгеден  асады. Нысан бұйыртса, келер жылдың наурызында қолданысқа берілмек.

Әбілсейіт Рабаев – Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы

Премьер - министр бұл жерде бір емес, бірнеше нысанның эскиздік жобасымен танысты. Соның бірі – құрылысын корейлік «Хайвиль» компаниясы қазығын қаққан көпқабатты тұрғын үйлер. Халықты баспанамен қамту ісі қашан да өзекті. Бұл мақсатқа бюджеттен қыруар қаржы бөлінген. Сөйтіп, 39 тұрғынүй мен 1200 орындық мектеп салынбақшы. Ал, жыл соңына дейін нақ осы аумақта 558 тұрғын қоныс тойын тойламақ. Ол үшін алпауыт инвесторларға қала билігі 51 гектар амаққа құрылыс салуға рұқсат беріп отыр. Мердігер компания сондай-ақ, Шымкентке әлемде теңдесі жоқ саялы демалыс аймағын салып бермекші. Бұл өз кезегінде шаһардың туристік әлеуетін әлдендіретін жоба болмақ.

 Гүлсанат Қалмырзақызы – тілші

Премьер-Министр Шымкентке жасаған сапары барысында пилоттық режимде қолға алынған Акселератор орталығын іске қосты. Бұл жоба дамыған Дубай қаласының тәжірибесінен алынған. Бұл орталықта енді ведомствоаралық іс-қимыл жақсарады. Мұнда кез-келген мәселе смозбалаңға салынбай, әкімдік өкілдерінің араласуымен жедел шешіледі деп күтілуде.

Акселератор жұмысын – өмір сапасының стратегиясы деуге негіз бар. Өйткені, жүзеге асуы тиіс қай істі болмасын, жедел бастап кету кейде, жүйкені жұқартады. Ал, бұл жүйе шапшаң әрекет ету орталығына айналмақ. Дамыған Дубай қаласында акселератор арқылы айына ондаған мәселе шешімін табады.

Рашид Аюпов –«Шымкент» ӘКК басқарма төрағасы

Бұл жоба көшелерге көшет егу, қала тазалығынан бөлек, тиімді жобаларды жүзеге асыруда жедел шешім қабылдауға ықпал ететін орталық болады....

Қысқа уақыт ішінде тиімді шешімдер әзірлеу. Жылдам нәтижелерге қол жеткізу. Түйткілді шешуге ықпал ететін орталық жұмысына Асқар Мамин сәттілік тіледі. Әлеуметтік сала жауаптыларының халықтың тұрмыс сапасын жақсартудағы жұмыс жоспар, мақсат- міндеттерін оң бағалады.

Г. Қалмырзақызы                   

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІЛЕРДІ САТАТЫН АЛЫПСАТАРЛАР АЗАЯР ЕМЕС
15:34, 14 шілде 2020
ДӘРІЛЕРДІ САТАТЫН АЛЫПСАТАРЛАР АЗАЯР ЕМЕС
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСТАН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ 396-ҒА ЖЕТТІ
15:33, 14 шілде 2020
ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСТАН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ 396-ҒА Ж...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
19:35, 7 шілде 2020
БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...