ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

18:39, 21 қазан 2020

Ағымдағы жылы Абай ауданына келіп түскен арыздардың 70 пайызы шешімін тапқан. Инфрақұрылыммен қамту жұмыстары да қарқынды. Аудан басшысы Бұхарбай Парманов 9 айда атқарылған шаруаларды қала әкімінің алдында баяндады.

Есепті жиынға мегаполистегі барлық басқарма басшылары қатысты. Ауданда атқарылған шаруаларды саралауға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы келді. Бұхарбай Парманов әуелі жеттістіктерді паш етті. Ауданда 97 көшенің тұрғындары жазда шаң,  күзде батпақ кешеді. Биыл осы топырақ жолдардың  49-на  шағал тас төселген. Елдімекендердегі орталық көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды. Халықты ауыз сумен қамтып газдандыруға бөлінген қаржы игеріліп жатқандығын сөз етті.

Бұхарбай Парманов – Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі

Жалпы биыл 175 млн теңге жұмсалып Алтынтөбе тұрғын алабында жұмыс жасалып жатыр. Және көкбұлақ Ақтас елдімекендеріне құжаттама жасалып жатыр.

Есепті мұқият тыңдаған қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданы бойынша  өзі жинақтаған мәселелерді тізбектеді. Мәселен салық түсімі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өте сылбыр жүріп жатқандығын  сынға алды. Тозығы жеткен көпқабатты үйлерді ретке келтіру керектігін ескертті.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Биыл Шымкент қаласы Абай ауданында көп қабатты 222 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылған. Аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. Бүгінгі таңға дейін 222 аула абаттандырылып, 58 спорт алаңшасы салынған. Ал бұл жылы 107 аулаға ойын алаңшаларын орнатуға, 6 спорт алаңшасын салуға, 24 спорт алаңшасын ағымдағы жөндеуге қаржы бөлінген.

К. Дүйсенбі

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар