ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

АБАЙ АУДАНЫНДА 107 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛУДА

19:51, 30 шілде 2020

Шымкент қаласы Абай ауданына биылғы жылы әлеуметтік- экономикалық жағдайын дамыту мақсатында 3 миллиард теңге қаржы бөлінген. Аталмыш қаржыға ауданда 107 аула абаттандырылып, қоқыс жәшіктері жаңартылуда. Бұл туралы аудан әкімі Бұхарбай Парманов ақпараттық коммуникация орталығында өткен брифингте айтты.

Ауданда карантинге жабылған 680-ге жуық індет  ошақтарынан бөлек шағын аудандар мен тұрғын алаптардың көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларында қарқынды түрде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Ал, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы  қоқыс контейнерлері күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлер аптасына 1 рет тазаланып, алынып отырады. Аудан аумағында орналасқан 1850 кәсіпкерлік нысан иелеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 425-бабы, 1-тармағына сәйкес, «Авто-нұр», «Тұлпар» базарларына және түрлі қызмет көрсетудегі 44 кәсіпкерлік нысандарға хаттама толтырылған.

 

КОММ: Бұхарбай Парманов – Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі

8:00-8:45\\ 27-28 шілде аралығында жүргізілген мобильдік топтың кешкі рейдтіңмониторинг жұмыстары нәтижесінде  Абай ауданы аумағында 12 нысан карантин режимін сақтамай жұмыс істегендігі анықталды, олар: 1 интернет клуб, 3 кафе, 1 СПА салон, 7 азық-түлік дүкендері, көрсетілген нысандардың иелерінен түсініктеме алынын, әкімішілік шара көру үшін аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау басқармасына жолданды. Жалпы аудан аумағында базарларда, ірі сауда үйлерінде және түрлі қызмет көрсететін кәсіпкерлік нысандарда карантин талаптарын сақтау, бас дәрігердің қаулысының талаптарын бұзбау жөнінде күнделікті ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқандығын мәлімдеймін.

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...