ШҰҒЫЛ! БІЗ ПАРА БЕРМЕЙМІЗ! Толығырақ

АБАЙДА АТҚАРЫЛАР ШАРУА КӨП

18:56, 12 қараша 2019

Барлық қаражат қала шетіндегі елдімекендерді көркейтуге жұмсалады. Ауыз су, сапалы электр, газ, жол мәселелері бірінші кезекте. Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі баспасөз брифингінде осындай жоспарымен бөлісті. Мегаполистің 30 пайызын алып жатқан, алып ауданда 10 айда атқарылған шаруалар баяндалды.

Абай ауданындағы өзекті мәселенің бірі ол ауызсу. Бүгінгі таңда халықтың 77 пайызы тіршілік нәрімен қамтылған. Қалған 17 мыңға жуық отбасы құдық пен тасымал суға қанағат етіп отыр. Биылдың өзінде Ақжар, Айкөл елдімекендеріне су тарту жұмыстары басталған. Келесі жылы тағы 5 елдімекенге су жүйесін орнату жоспарлануда. Жоба құны 2 млрд. 168 млн. теңге.

Ғалымжан Төлепов – Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі

ПК 0540  ТР 00:20 Айкөліміз өздеріңіздің естеріңізде болар ол қаланың ең шетінде орналасқан елдімекен. 66 тұрғын үй бар. "СодбиСтрой" мекемесінің көмегімен ауыз су жүйелері тартылып, 2019-2020 жылдары халыққа  пайдалануға тапсыру жоспарлануда.- Жаңаталап аумағына  магистралды су жүйесін тартуға  "Лидер Строй Проект-2002" мекемесі айналысатын болады. Жоба құны 424,7 млн. теңге.

Аудан аумағында 24 елді мекеннің 78 пайызы  мемлекеттік электр жарығымен қамтылған. Қалғаны   жеке меншік трансформатордың жарығын пайдаланады. Жалпы 34 елді мекеннің 24 –ті табиғи газ жүйесімен қамтылған.  Мегаполистегі Абай ауданының 10 елді мекен тұрғындары әлі  көмір жағады. Есесіне биыл мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 1 млрд  411 млн. теңгеге 45 ауланы абаттандыру мен ойын алаңшаларын орнату жоспары жүзеге асуда. Келесі шылы жарты млрд теңгеге 35 ауланың ажарын ашу көзделген. Алайда қала әкімі Ерлан Айтахановтың қаржыны күрделі мәселелерді шешуге жұмсау керек деген қатаң ескертуінен кейін аудандық жоспар өзгермек.

Ғалымжан Төлепов – Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі

ПК 0559ТР 02:26 Шалғай елдімекендер. Жолдарымыздағы 59 көшеміз шалғай ауылдарда орналасқан елдімекендерге арнап отырмыз. Абаттандыру спорт алаңшаларын ұсынған болатынбыз. Қариялардың өтініші еді. Алайда бөлінетін қаржыны  қәзіргі таңда өзекті мәселелерге арнаймыз деп отырмыз.

Абай ауданында кәріз жүйесі көңіл көншітпейді. Халықтың 34,6 пайызы ғана жүйемен қамтылған. Аудан аумағындағы 1025 көшенің 54 пайыздайы асфальтталған. 377 көше тас жол. 103 көше бәз баяғы  жазда шаң , қыста батпақ. Келесі жылы аудан әкімшілігі қаржыны бірінші жол мен ауыз су жүйесін жүргізуге арнаймыз, деп отыр.  Баспасөз брифингінде қоғамдық көлік, медициналық мекемелердің жетіспеушілігі де сөз болды. Әкімнің сөзіне қарағанда бәрі біртіндеп шешімін таппақ.

К. Дүйсенбі


 

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
13:11, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...
13:10, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...