ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

11:28, 11 шілде 2019

Мақтааралды көркейту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аудан орталығы Мырзакенттің келбетін ашатын бірнеше әлеуметтік орындардың құрылыс жұмыстары қызды. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған демалыс аймағында тұрғындардың сейіл құрып, тынығуына жағдай жасалуда.

Кенттегі орталық көшенің  бойында орналасқан мына саябақтың әзірге атауы жоқ. Дәл қазір мұнда жұмыстар қызу жүріп жатыр. Субұрқақ, балалар ойын алаңқайы және архитектуралық шағын мүсіндер саябақтың көрінісіне сән қоспақ.   

 Бахыт АЛИЕВ - «Строи.ком «Прогресс» ЖШС қызметкері

Мақтаарал ауданында абаттандыру жұмыстары болып жатыр қазіргі таңда. Біздің мердігер компаниямыз «Строи.ком. «Прогресс». Жалпы бұл алаңға мемлекеттен 174 миллион қаржы бөлінген. Бұдан бөлек, 4 балалар алаңы бар. Қазіргі таңда 30 жұмысшысыз бар, техника бар.

Саябақты абаттандыру ісі күздің  соңына дейін созылады. Мамандардың айтуынша аздаған уақыттың ішінде бұл  тұрғындардың сүйікті демалыс орына айналмақ.

Бахыт АЛИЕВ -  «Строи.ком «Прогресс» ЖШС қызметкері

Брусчатка төселіп жатыр, қазіргі таңда. Жылдың соңына дейін Алла қаласа тапсырамыз деген ниетіміз бар Алла қаласа. Жұмысшылар қазір қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр.

Өңірдегі оң өзгеріске тұрғындар дән риза. Жолдардың кеңейіп, жаңа ғимараттардың салынуы аудан шырайына сән қосады деп сенеді. Уақытында пайдалануға берілсе халықтың сұранысын дөп басқандай еді.

 Нұралы АЛДЕНОВ – Мырзакент  тұрғыны

Іріленген Мақтаарал ауданы бөлінгеннен кейін, қазіргі Мақтаарал ауданы кеңейіп, үлкейіп дамып келе жатыр. Жаяу жүргіншілерге жолдар салынып, үлкен тас жолдар салынып жатыр. Біздің ауданымыз одан әрі көркейіп дами береді деп ойлаймын. Мен де өз үлесімді қосамын.

2019 жылдың маусым айында басталған абаттандыру жұмыстары шаһар шырайын арттырып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға сеп болмақ.

 

Нұрсұлтан Мұхамеджанұлы 

Тақырып бойынша материалдар

«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...
АРЫСТАН  ПАВЛОДАРҒА  ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
12:21, 18 шілде 2019
АРЫСТАН ПАВЛОДАРҒА ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...