ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

АДАЛДЫҚ ДҮКЕНДЕРІ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР?

12:39, 13 мамыр 2019

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мұрындық болып мегаполисте 104 адалдық дүкені ашылған болатын. Алайда атой салып жоғары оқу орындары мен мектептерде ашылған дүңгіршектер жүйесі сыр беріп тұр. Департамент басшысының айтуынша кәсіпкерлер қаржы жетіспеушілігін алға тартып жатқан көрінеді.

Бұл бастама ең бірінші  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттік тарапынан жүзеге асырылған жоба болатын. Тәрбие тал бесіктен,- деп адалдықты білім ұяларынан қалыптастыратын жоба. Дүкенде мұғалімдер  мен оқушылар  өздеріне қажетті заттарды алып, алған тауары үшін ақшаны кассалық жәшікке салып есеп айырысады. Бұл жоба кейбір оқу орындарында қолдау тауып тұр. Солардың бірі Өмірбек Жолдасбеков атындағы №9 лицейі.

Бекмырза Бартекеев – «Өмірбек Жолдасбеков атындағы №9 лицей» оқушысы

Адамдар келіп өз қалаған затын алып тұрады. Ешқандай қадағалау жоқ. Бұл жоба жемқорлықтың алдын алады –деп ойлаймын. Ең бастысы адамдар арасында бір біріне деген сенімді адалдықты дамытады.

Жобаның басты мақсаты — қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және жастарға өзін жақсы, адал азамат ретінде анықтауға мүмкіндік беру. Дегенмен  кейбір мектептерде адалдық дүкендерінің ашылуынан жабылуы тез болған.  Басты себеп қаржы жетіспеушілігі.  Бес саусақ бірдей еместігін департамент қызметкерлері де мойындайды. Бірақта жастардың жүрегіне адалдықты ұялату үшін арнайы кездесулер ұйымдастыруда. 

Әли Көмекбаев  - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

Әрине бұл алғашқы қадам болғаннан кейін проблемалар туындайды. Кәсіпкерлер  кейбір жерлерде ақша жетіспей қалып жатқандығын айтуда. Осы олқылықтарды шешу мақсатында горономен бірігіп тәрбие жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз оқушылармен  жолығып халықаралық тәжірибені жүзеге асыруға атсалысуға шақырамыз.

«Адалдық дүкені» жобасы еуропа елдерінде өткен ғасырдың бел ортасынан бері жүзеге асып келеді. 70 жылдан бері  жұртшылықтың арасында адалдық саудасы кеңінен насихатталған. Біздегі бастамада алдағы уақытта игі жобалардың бірі болатынына департамент қызметкерлері бек сенімді. Бүгінгі адал оқушылар ертең жемқорлықтан ада   азамат болып өсетініне күмәнсіз.

К. Дүйсенбі 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...