ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

«АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҮНДЕЙДІ

17:56, 2 қыркүйек 2019

Жалпы республикалық «Адалдық сағаты» Шымкент қаласында да өтті. М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде өткен шарада Жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жайы сөз болды.

Жыл сайын өтетін «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің басты мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Бұл жоба облыстағы 2 жоғары оқу орындарында және 26 колледждерде ашылған.

 Сәкен Мәжінбеков- М.әуезов атындағы ОҚМУ Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры

Биылғы оқу жылы бүгін басталып отыр. Барлық Қазақстандағы оқу орны адалдық алаңы, кез келген теріс әрекеттердің алдын алу, жастарға түсіндіру саласына осыны енгізу  бағытындағы сабақтардан бастау алып жатыр. 

 Көпұлттылық - қазақстандық қоғамның  артықшылығы. Еліміздің басты байлығы - адам ресурсы. Оның ішінде жастардың білімді болуы – бәсекеге қабілеттілікті арттырады.

 Әлібек Сейдехан-ОҚМУ колледжінің директоры

 Қандай ел болмасын өркендеуі, дамуы білім деңгейіне байланысты ең алдымен біздің жастарымыз білімге ұмтылуы қажет. Бүгін бізде 2 қыркүйек жалғасын тауып жатыр. Бізде ерекше басталды деп айтсам болады. Адалдық алаңына байланысты дәріс басталды. 

Қоғамда оқушылармен байланысты болып жатқан келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған шара жоғары деңгейде өтті. Халықтың сенімі мен үмітін ақтау – жастардың қолында.

 

Ұ.Байниязова                                                                  

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...