ШҰҒЫЛ! ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ "ӘЛЕМ БАРЫСЫ-2018" ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ Толығырақ

АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ

17:56, 7 желтоқсан 2018

Шымкентте жас келіншекті азаптап өлтірген жігіт пен оның сыбайластары сотталды. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушының бірін 15 жылға бас бостандығынан айырды. Айта кетейік, жұрттың жағасын ұстатқан қылмыстық оқиға ағымдағы жылдың наурыз айында Қайнарбұлақ саяжайында болған еді.

Шымкентте 30 жастағы келіншекті ұрып соғып, артынша тірідей жерге көміп өлтірген қаскөйлер сотталды. Қылмыстық істі жан жақты зерделеген мамандандырылған ауданаралық соты бес айыпталушының бірін он бес жылға бас бостандығынан айырды. Оның үш сыбайласын жасаған іс әрекеттеріне сәйкес, бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан шектеуге үкім шығарды. Ал, басты күдікті ретінде танылған ер адам әлі күнге іздеуде жүр екен. Қылмыстық оқиға осы жылдың көктемінде Қайнарбұлақ саяжайында орын алған. Танысының туған күнін тойлауға келген бір топ жігіттер сол отырыста танысқан бір келіншекті далада әбден ұрып-соғып, ізінше денесін өртеген. Ол аз болғандай, жасыру үшін оны тірідей жерге көміп тастапты. Алайда, арада бір апта өткенде қылмыскердің бірі өз еркімен полицияға беріліп, сыбайластарын да ұстап берген. 

ӘБИНҰР ҚАРАБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫ ТӨРҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Жанар жағар май бекетінен бензин алады 5 литр, қайтып алып келеді, әйелдің үстіне құяды, сіріңкені жағып тастаса, от жанады да, ізінше сөніп қалады. Арғы қарай жанбай қойды. Осы іс бойынша жасалған сот медициналық сараптамаға сәйкес, басынан таспен ұрған кезде де, оған от жаққан кезде де және пышақпен ұрып жатқан кезде де ол әлі тірі болған.

 ҮЛКЕН КӨЛЕМДЕ ЗАҢСЫЗ АҚШАНЫ ИЕМДЕНГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

2018 жылдың 29 қарашасында  Отырар АПБ-не, пошталардың бірінен қатынас хат келіп түскен. Онда мекеменің бір қызметкері  үлкен мөлшерде ақшаны заңсыз иемденіп алғаны айтылған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп, мекеме қызметкерінің  жалақыға бөлінген 3 800 000 теңге ақшаны иемденіп, белгісіз бағытқа бой тасалап кеткендігін анықтайды. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізу барысында күдікті ретінде  Отырар ауданының тұрғыны екені анықталып, ол Тараз қаласынан ұсталады. Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында айғақты зат ретінде ұрланған ақшаның бір бөлігі, яғни 1 миллион теңгесі тәркіленіп алынды.

300-ДЕН АСТАМ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ АНЫҚТАЛДЫ

 Түркістан облысы аумағында 400-ге жуық жергілікті полиция қызметкерлері  және көлік инспекторлары жолаушылар мен багаж тасымалдайтын жүргізушілер арасында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Онда  медициналық тексеру,жолаушылар көлігінің техникалық жағдайын сондай-ақ,  автобус жүргізушілері арасында басқа да құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударды.Тексеру барысында  жолаушылар көлігінің жүргізушілері жасаған 320 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып отыр. Мәселен, 89 жүргізуші көлік қозғалысы кезінде телефонды пайдаланса, 53 жүргізуші маневр жасау ережесін бұзған. Ал, 24 жүргізуші жылдамдықты асырған. Міндетті медециналық тексеруден өтпегені үшін 55 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 1 мас  жүргізуші ұсталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
17:58, 11 желтоқсан 2018
ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
17:52, 11 желтоқсан 2018
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
17:56, 7 желтоқсан 2018
АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН
13:56, 6 желтоқсан 2018
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛ...
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
13:59, 6 желтоқсан 2018
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Толығырақ...