ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

АДАМЗАТТЫҢ АЛЫБЫ — АҚЫН АБАЙ

17:18, 13 тамыз 2019

Келер жылы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Соған орай, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі «Адамзаттың алыбы — ақын Абай» атты іс-шара өткізді. Онда дана Абайдың өмірі мен өшпес мұралары жайында фотосуреттер мен 15-ке жуық кітап көрермен назарына ұсынылды.

Ұлағатты сөздері ұлттың ұранына айналған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ел үшін жасаған еңбегі ерен.  Оның қазақ жазба әдебиетіне  қосқан үлесі өлшеусіз.  «Балауса» лагерінде ұйымдастырылған шарада  бүлдіршіндер «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қорында сақталған  ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған көрмені тамашалады.

 Берік Байболов - «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің  ғылыми-зерттеу  бөлімінің меңгерушісі

Бұл іс-шараға Абайдың өмірінен сыр шертетін фотосуреттер, және Абай туралы жарыққа шыққан кітаптарды алып келіп отырымыз. Сондықтан мынау түркістан қаласындағы балалар мен жасөспірімдер орталығымен бірлесіп, жазғы сауықтыру уақытытын Абайдың мол мұраларын дәріптеп, патриоттық  сана сезімін ояту.

 Абай Құнанбайұлы -1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданына қарасты Шыңғыстау бауырындағы Қарабұлақ деген жерде туған. Ол ақындық өнермен қатар, композитор, аудармашы, саяси қайраткер болған. Қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор шығармаларында әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерді жиі алға тартқан. Бүгінде жас ұрпақ өлеңдерін жатқа біледі.

ШОХАН СӘКЕНҰЛЫ - ТӘЛІМГЕР /ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ 

ИСЛАМ ТАУБАЙ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Жиынға қатысқан балалар Құнанбай мен бала Абайдың өмірінен көрініс қойды, ұлы ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

М.ӘСЕМБЕК     

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...