ШҰҒЫЛ! ӘКЕЛЕРГЕ АЙТЫҢЫЗ! Толығырақ

АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫ ҚАЛА АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

11:53, 7 маусым 2019

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Шымкентке жасаған сапар барысында қала активімен жүздесті. Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаруалар баяндалып, мегаполистегі жұмыстар сараланды.

Жиынды   ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы   баяндамамен бастады. Әли Көмекбаев  алып шаһарда адалдық алаңдары ашылып сыбайластық қауіпі сейіліп жатқандығын жеткізді. Сонымен қатар бірлесіп атқарған іс шаралар нәтижелі болып біршама тәртіп орнап жатқандығын әңгімеге арқау етті.

 Әли Көмекбаев  - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

Шымкенттегі көрсеткіштерді алар болсақ бәріне де мәлім Ғабидолла Рахметұллаұлы сіздің инциативаңызбен бүгінгі таңда Шымкенттің мемлекеттік қызметі алдыңғы қатарда сол факторлық бал шкаланың арқасында талай қызметшілер соның жемісін көруде. Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтен кетуі 57 пайызға төмендеп отыр. Егерде айлықты алатын болсақ екі есе жоғарылап отыр.

Айтқандай мемлекеттік қызметкерлердің айлығы айтарлықтан жоғарылаған. Жергілікті атқарушы органдар факторлы балдық шкалада негізделген  жалақы төлеудің квоттық жаңа моделіне көшкен. Осы жүйеге көшу арқылы әкімдік қызметкерлерінің жалақы деңгейі министрлік қызметкерлеріне теңестірілген.

 Еркеғали  Әлімқұлов - Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы 

Басқарманың бас маманының жалақысы 83 мың теңгеден 153 мың теңгеге өскен. Яғни жалақы 1,8 есеге артып отыр. Аудан әкімдігінің  бөлім басшысының жалақысы 102 мың теңгеден 206 мың теңгеге өсті. Яғни 103 мың теңгеге немесе екі есеге артты. Факторлық балдық шкалаға көшкен соңмемлекеттік қызметтегі бос орындарға конкурсқа қатысушылардың саны күрт өсіп отыр.

Айлықты жоғарылату жобасының басты мақсаты мемлекеттік қызметкерлерді  жоқтықтан жемқорлыққа қадам бастырмау. Алайда қоғамдық дерт  басым жұмыс орындары  әліде баршылық.  Мәселен жер қатынастары, білім, денсаулық салаларында осы қылмыс түрі жиі орын алады, Өкінішке орай  құқық қорғау саласыда сыбайластықтан арылмай отыр –дейді Ұлттық бюроның Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Қарымсақов. 
 

Мұрат Қарымсақов – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

 Қоғамдық  талқыға көп түсетін тақырыптың бірі мемлекеттік сатып алу тауар алу атқарылған жұмыс. Сыбайластық қауіпін жою үшін мемлекеттік сатып алу жүйесі бірыңғай басқармаға ендірілді. Қала әкімдігі қолға алған жобада атқарылған жұмыс  көпшілікке ашық болады. Сыбайластыққа қарсы қызмет мемлекет қаржысының шығын болмауын  назарда ұстайтын болады. Бірлескен жұмыс нәтижелі боларына мен сенемін.

 

Жиынды қорытындылаған агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Шымкентте атқарылған шаруаларға оң бағасын берді. Дегенмен заң баршаға ортақ екендігін сыбайластыққа барғандар қатаң жазаға тартылатындығын қатаң ескертті. Мәселен осы сапар алдында  Білім ғылым министрінің орынбасары лауазымды теріс пайдаланғаны үшін жауапқа тартылғанын. Сонымен қатар Қорғалжын ауданының прокуроры 5 млн теңге парамен ұсталып,  Павлодар облысының  басқарма басшысыда істі болғанын атап өтті.

Алик Шпекбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

Шынын айту керек Елбасыда айтқан бірнеше рет мектепке орналасу үшін пара беру керек –деп. Осының барлығы сыбайластықты қоғамнан түп тамыры мен жою керек енді. Осы олқылықтардың кесірінен шет елге барған кезде сынағанда ұятты болып жүрміз. Соңғы екі үш жылдың өзінде жүйелі кешенді шаралардың нәтижесінде ең біріншіден әкімшілік кедергілері бюрократия амалдары біршама төмендеген.

 Осылай деген агенттік төрағасы сыбайластықпен күрес жалғаса беретіндігін жеткізді. Десекте жүйелі жұмыстардың арқасында Қазақстандағы сыбайластық қауіпі соңғы екі жылда әлемдік деңгейде біршама сейілген. Жемқорлықпен күрес жыл сайын күш алып еліміз жаңа даму  деңгейіне көтерілген. Мемлекеттің дамуына тұсау болатын жемқорлық дертімен күрес баршаға ортақ парыз.

 

К. Дүйсенбі 

Тақырып бойынша материалдар

АГРО ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛАДЫ
19:00, 12 қараша 2019
АГРО ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖӘНІБЕКТІҢ  ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ  ЭФИРДЕН  КӨРСЕТІЛМЕК
16:15, 7 қараша 2019
ЖӘНІБЕКТІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН КӨРСЕТІЛМЕК
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...