ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

АГРО ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛАДЫ

19:00, 12 қараша 2019

Шымкентте АГРО индустриалды аймағы ашылатын болды. Ол жерге құны 13 миллион доллардан асатын жобалар ғана іріктеліп алынбақ. Бұл туралы 9-шы халықаралық Орта Азия сауда форумында қала әкімі Ерлан Айтаханов мәлімдеді. АҚШ елшілігінің ұйымдастыруымен өткен жиынға әлемнің бірнеше елінен жиналған сауда сарапшылары мен ірі бизнес өкілдері және жергілікті кәсіпкерлер өзара іскерлік орнату жағын талқылады.

Алпауыт мемлекеттердің басын қосқан сауда форумының Шымкентте өтуі де тегін емес. Өйткені шаһардың климаты мен ауыл шаруашылығы дамыған. Оған қоса аймақтың тоғыз жолдың торабында орналасуы  шетелдік кәсіпкерлерді қызықтырады. Әрі трансшекаралық сауда саясатындағы тенденциялар мемлекет пен жеке кәсіп иелерінің өзара диалог құруына мүмкіндік береді.

Уильям Мозер – АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі

-Қазақстандағы АҚШ Елшілігі атынан осы жылғы форумды ұйымдастыруда күшін, уақыты мен қаржы  ресурстарын бөлген серіктестерімізге алғыс айтамын. Соңғы 15  жыл ішінде АҚШ-тан 30 млрд доллардан астам инвестицияны тартып, елдің елдің экономикасын жақсартуға ниеттенген Қазақстан Үкіметіне де алғыс айтамын. Ал, форум неге Шымкентте өтті? Себебі, бұл аймақ жеміс пен көкөніс өндіруші ретінде үлкен әлеуетке ие.

Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы сауда байланысы нығая түспек. Ол үшін жүк тасымалдау уақыты мен құнын азайту жөніндегі тиімді ұсыныстар айтылды. Яғни баға Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты бірегей стандартқа сәйкестендірілмек. Бұл мақсатта Үкімет аралық бірлескен жұмыс атқарылатын болады.

Ерлан Айтаханов – Шымкент қаласының әкімі

-Біз Түркістан облысымен тыңыз байланыс орната отырып, келесі жылдан бастап арнайы экономикалық аймақтан бөлек жаңа агро индустриалды аймақ құратын боламыз. Интинсивті бау санын арттыруды көздеп отырмыз. Сол арқылы жеміс-жидек пен көкөністің бағасын қалыпты деңгейде ұстайтын боламыз.

Рабиға Бақытжанқызы – тілші

-Тоғызыншы Орта Азия сауда форумы Шымкентте алғаш рет өтуде. Форумда Қазақстан тарапынан арнайы жоба ұсынылды. Ол елімізде алғаш болып аграрлық индустриалды аймақ құру жобасы еді. Жоба 136 га құрайды. Кәсіпкерлер үшін  «Батыс Европа- Батыс Қытай» халықаралық дәлізі мен Шымкент әуежайына жақын орналасатын болады. Шетелдік инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлер индустриалды аймақ ұсынған қызмет түрлерін тек өз жобаларының құны 13 млн долларда асса алатын болады. Бұл, салықтық және кедендік төлемдерден жеңілдік болады деген сөз.

Р.Бақытжанқызы                                     

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...