ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

АГРОҚҰРЫЛЫМ КӨБЕЙІП, ӨНІМДІЛІК АРТҚАН

17:51, 7 тамыз 2019

Шымқалада өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің ауқымы артып келеді. Атап айтсақ, 2019 жылдың алғашқы жарты жылында өндірілген өнімінің жалпы көлемі 12 миллиард 195 миллион теңгені құрады. Ал тамақ өнімдерін өндіру бағытында салынған инвестиция 2 миллиард 280 миллион теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есеге артқан.

Өнеркәсібі өрге басқан Шымкентте егін шаруашылығы да қарқынды дамыған. Қала шекарасының өзгеруіне байланысты агроқұрылымдардың да қатары  көбейіп,  еңбек өнімділігі де   артқан.  Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бітік шығуы ағынсуға көп байланысты. Қала аумағындағы шаруа қожалықтары мен үй іргелік жерлерді ағынсумен қамтамасыз етуде «Шымкент Су Шар» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қосқан үлесі мол.

СӘКЕН САТҚАНБАЕВ – «ШЫМКЕНТСУШАР» МКК  ДИРЕКТОРЫ

Шымшаһарға  4 аудан мен  40 елді мекен қарайды. Қала аумағының барлық жер көлемі 116 мың 280 гектарды құрайды. Оның ішінде 62 мың 971 гектар жер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылады. Егістік жерлер 39 мың 612 гектар, жайылымдық жерлер 19 мың 371 гектар. Шымкентте 4152  ауылшаруашылығы тауар өндірушілер қызмет етеді.

 ЖӘНІБЕК ТОҒАЙҰЛЫ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Екіжақты іскерлік байланыс арқасында биыл шымқалада егін бітік шықты. Өйткені мұнда ағынсу мол. Соған сай көкөніс бақша дақылдарын күтіп-баптау жұмыстары да жоғары деңгейде  жүргізілуде.

П.Биназарқызы                 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...