ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ

19:12, 22 шілде 2019

Арыстағы халық саны басым, тұрғын үйлер көп шоғырланған аймақ - он екінші секторда. Ақтөбе облысына тиесілі аумақта қазір құрылыс қарқынды. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырған мердігер компания баспаналарды бір аптада толық бітіріп, иелеріне тапсырамыз,-деп отыр.

Қазір он екінші сектордағы құрылыс нағыз қызған кезеңде тұр. Ақтөбеліктердің еншісіндегі аумақта  жұмысшы уақытпен санаспай еңбек етуде. Сапалы құрылысқа кепілдік беріп отыр.

 Ербол Кенжалы - Ақтөбе облыстық құрылыс басқармасы басшының орынбасары

Аапат кезінде снарядтан қатты зақымданған 12-ші секторға тиесілі үйлер толығымен сүріліп, қайта тұрғызылуда. Ол жұмыспен Ақтөбе қаласындағы белді мердігер компанияның бірі «Спарта» айналысуда.

Мақсат Сакибаев - "Спарта" құрылыс компаниясының өкілі

 Үйіне зақым келген тұрғындардың бірі - Дүйсебаевтар отбасы.  Арыстанбай ақсақал 1995 жылы салынған кең сарайдай үйінен түк қалмағанын көргенде, көңіліне кірбің ұялағанын жасырмады. Дегенмен, қазір мұңаюға себеп жоқ, - дейді. Жаңа қонысына бір аптада көшіп кірмек.

Арыстанбай Дүйсебаев - Арыс қаласының тұрғыны

 Осылайша, ақтөбеліктердің еншісіндегі жұмыстар 1 аптада толығымен тапсырылмақ. Ал, өзге аймақтардың меншігіндегі құрылыс кезең-кезеңімен өткізілетін болады. Тындырымды тірлікке тоғыз жолдың торабындағы тұрғындар дән риза.

Д. Нақыпбек

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
16:33, 13 желтоқсан 2019
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Толығырақ...