ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

АЙЫППҰЛ МӨЛШЕРІ 5 %-ҒА АРТТЫ

11:54, 3 қаңтар 2019

Коммуналдық қызметтер тарифі төмендегенмен, есесіне айыппұл мөлшері 5 пайызға өсті. Көлік салығы да көбеймек. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері өзгергендіктен көлік иелерінің де біраз ақшадан қағылуына тура келеді. Көптеген төлемдермен тығыз байланысты айлық есептік көрсеткіш көлемі 120 теңгеге артып, 2 405 теңгенің орнына 2 525 теңге болды, яғни 5 пайызға жоғарылады.

Мысалы, жылдамдықты сағатына оннан жиырма шақырымға дейін арттырғандар 12 025 теңге айыппұл төлеп келген еді.  1 қаңтардан бастап оның көлемі 12 625 теңгеге теңге болып бекітілді. Тротуарда, гүлзарда, көгалда не балалар ойнайтын алаңдар мен спорт алаңдарында тоқтап тұрғандар бұдан былай 24 050 теңгенің орнына 25 250 теңге төлейтін болады. Сонымен қатар, Көлік салығы да артты. Мысалы, 2018 жылы ел қазынасына 2 АЕК, яғни 4 810 теңге құйған шағын литражды көлік иелері жаңа жылдан бастап,  5 050 теңге төлемек. 3 АЕК, яғни 7 215 теңге төлеп келгендер енді 7 575 көлемінде ақша жұмсайды. Ал көлемі зор темір тұлпарлардың қожайындары 281 385 теңгенің орнына, 2019 жылы 295 425 теңге көлеміндегі қаржысынан қағылады.

 

Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ                  

 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
20:38, 21 қазан 2019
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
17:56, 21 қазан 2019
ТҮРКІСТАН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...