ШҰҒЫЛ! 284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ Толығырақ

АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

18:25, 6 наурыз 2020

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі. Соған орай, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы өңірдегі түрлі салада жетістікке жетіп жүрген 20-дан астам қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.

Олардың арасында спорт, мәдениет, медицина, кәсіпкерлік, білім, журналистика саласының өкілдері мен көпбалалы аналар бар. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ардақты аналар мен қайсар қыздарымыздың қоғамды дамытудағы еңбегі зор екеніне тоқталды. Айта кетейік, өңірде «Nur Otan» партиясының 85 мыңнан астам мүшесі бар. Оның елу мыңдайын әйелдер қауымы құрайды.

Таскүл Махмудова- Зейнеткер  

Түркістан облысы болды дегеннен бастап, қуанып, еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қызмет істеп жатырмыз. Облыс басшысы тапсырма беріп жатыр бізге де. Біз де араласып жатырмыз. Оның бәрі игідік үшін. Мына қыздарға айтатыным, келекшектің бәрі алдымызда. Жарқыраған күн шығып жатыр. Рахмет!

М.ӘСЕМБЕК                                                                            

Тақырып бойынша материалдар

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР  БАЛАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАДЫ
13:26, 1 маусым 2020
ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР БАЛАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...