ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ

19:33, 16 мамыр 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астана экономикалық форумына арнайы келген бірнеше делегатпен кездесті. Президент түске дейін Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Армениямен Қазақстан еуразиялық экономикалық одақ пен  БҰҰ,   Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы сынды аймақтық ұйымдарда екі елдің  ұстанымы  жақын екенін айтты. Армения президенті бұл әріптестіктің ары қарай да арта түсетініне сенім білдірді.

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Қазақстанда армян ұлтының өкілдері өзге этностармен жарасымды өмір сүріп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың бастауында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Сол кісінің идеясының негізінде құрылған Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығымыз да артып келеді. Армен Саркисян тараптардың экономикалық байланысын арттыруда Астана қаржы орталығының маңызы зор екенін айтты.

 

 АРМЕН САРКИСЯН  АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

– Біз халықаралық ұйымдар аясында да, екіжақты қарым-қатынаста да ынтымақтаса жұмыс істеп келеміз. Астана қаржы орталығының құрылуы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі дамыта түсетініне сенемін. 

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
17:52, 21 мамыр 2019
САЙЛАУАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТУДА
13:44, 16 мамыр 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТУДА
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МИЛЛИОНДАП БОНУС АЛУДА
11:40, 17 мамыр 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МИЛЛИОНДАП БОНУС АЛУДА
Толығырақ...