ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

АҚПАРАТ МИНИСТРІ ЕСЕП БЕРДІ

17:27, 16 мамыр 2018

Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халық алдында есептік жиынын өткізді. Ведомство басшысы өткен жылды қорытындылап, көп көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Жиынға облыс орталықтары бейнеконференция арқылы қосылып, нақты сауалдар жолдады.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда негізгі басымдық «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына беріліп отыр. Осы мақсатта ел аумағын 2021 жылға дейін кезең-кезеңімен... ақысыз сандық форматқа көшіру жобасы қолға алынған. Бұл тұста, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар арнайы цифрлық желі сигналын қабылдайтын құрылғылармен тегін қамтамасыз етіледі. Кездесуде сондай-ақ, отандық телеарналардың қызметін әлеуметтік желілер арқылы насихаттау, интернет-ресурстардың дамуы мен ақпарат қауіпсіздігі жөнінде де айтылды. «Мемлекет басшысы БАҚ пен коммуникацияны дамыту бойынша нақты мақсаттар қойды. Қазір олар жоспар бойынша орындалып жатыр. Мемлекеттік сектордың ақпараттың жұмыс сапасы артты. Яғни, ондаған тараудың орнына бірыңғай республикалық медиажоспар қабылданды. Осылайша, атқарылып жатқан мемлекеттік реформалар арқылы халыққа тиімді ақпарат таратуға жол ашылды», - деді Дәурен Абаев.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТАРДЫҢ БАСПАНАЛЫ БОЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
21:50, 18 қаңтар 2019
АЗАМАТТАРДЫҢ БАСПАНАЛЫ БОЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
15:03, 16 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
Толығырақ...
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
19:30, 14 қаңтар 2019
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
Толығырақ...