ШҰҒЫЛ! ТЕГІН БЕРІЛЕТІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ САТҚАН Толығырақ

«АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» - АРНА ТІЛШІСІ

16:43, 30 маусым 2020

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін төске тақты. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің арнайы атағы «Оңтүстік телеарансының» тілшісі Гүлсанат Қалмырзақызына табыс етілді. БАҚ тағы еңбегі еленген әріптесіміздің осылайша мерейі өсіп, үздік атанды.

Ақпарат айдынына 15 жыл уақытын арнаған Гүлсанат Қалмырзақызы,  рас көрерменнің  көзайымына айналды. Талай жанның түйіткілді мәселесін көтеріп, түйінін тарқатты. Қара шаңырақта өзіндік стилімен ерекшеленіп, түрлі марапат пен алғысқа бөленді. Соның бірі әрі бірегейі де дәл осы «Ақпарат саласының үздігі» төс белгісі болды. Бірақ бұл маманға болдым – толдым деп арқаны кеңге салудан гөрі, жауапкершілік пен шалқар шабыт сыйлапты. Өзінің шеберлігін арна ұжымының бірлігінен тауып, қолдау көрсеткен әріптестерім деп білді.

Гүлсанат Қалмырзақызы - Ақпарат саласының үздігі

Әрине еңбектің еленгені жақсығой. Бірақ, сол биіктен көрініп, үлкен дәрежеге жету жолында қаншама кадр сыртындағы ауқымды іс бар. Екі жақты сараптап, салыстып қарап шешімін дөп көрсеткенде ғана дайын материал жүректерге жетеді. Үйлесімін табады. «Бұқара мен биліктің алтын көпірі» - деген тәмсіл  осыған қарап айтылса керек-ті.

Гүлсанат Қалмырзақызы - Ақпарат саласының үздігі

 «Жауапкершілік жүктейді» деген әріптесімнің сөзін бағамдап қарасақ, әлі талай жағымды жаңалық пен шешімін тапқан мәселе айтылары сөзсіз. Жетістікке жетіп, арна мерейін асырған Гүлсанат Қалмырзақызына қаламы мұқалмай, жазары таусылмасын деген тілек білдіреміз.

Нұрсұлтан Мұхамеджанұлы                                                                    

 

Тақырып бойынша материалдар

БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
19:35, 7 шілде 2020
БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
15:40, 2 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
16:30, 2 шілде 2020
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
Толығырақ...
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ  КАРАНТИН
16:32, 2 шілде 2020
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН
Толығырақ...