ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШАРДАРАДА

11:47, 10 қыркүйек 2019

Облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Шардара ауданының тұрғындарымен кездесті. Мақсат - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын түсіндіру болатын.

2019 жылғы 7 қыркүйек күні мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауы ел арасында түсіндіру жұмыстарын қажет етеді. Осы мақсатта ақпараттық топ Шардара ауданы активі мен тұрғындарының  басын қосты. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Жолдауындағы басым бағыттарына тоқталды. Әсіресе, әлеуметтік салаға көп көңіл бөлінген. 

Бибігүл Көшекеева - Шардара ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры

-Шардара аудандық зейнетақы төлеу орталығы арқылы бюджеттен әлеуметтік төлемдер үшін ай сайын 750 млн теңгеден аса, 1 жылға 9 млрд қаржы қаралып, ретімен төленіп келеді. Ал, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 2019 жылға әлеуметтік төлемдерге 2 млрд 161 млн теңге қаралған.

 Ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне аудан тұрғындары өз сауалдарын жолдады. ысқаша тоқталып өтті. Еңбек ардагері мен жеке кәсіпкерлер азаматтық қоғам қалыптастыру үшін әр адамның белсенділігін арттыру жайын сөз етті.

  Мәди Ахметов - №16 колледжі жастар ұйымының жетекшісі

-Бұл Жолдау елдің ерекше көңіл-күйіне әсер ететіні сөзсіз. Себебі, мұнда әлеуметтік салаға басымдық берілген. Президент әсіресе халықты, елді, жерді сүюге шақырды.

 Жолдауды түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық топ өз жұмысын облыстың өзге аудан-қалаларда жалғастыратын болады.

Р.Бақытжанқызы                                           

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар