ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

«АҚШАМ ЖОҒАЛЫП КЕТТІ»...

14:37, 28 қазан 2020

«Ақшам жоғалып кетті». Таңертеңнен бері редакциямызға қоңырау шалып жатқан жұрт осылай деп дабыл қақты. Қаржы ұйымы мақтағанда аяғын жерге тигізбеген «Каспий банктің» «Каспий голд» қосымшасынан шу шығып, біраз жұртты әбігерге салып қойды.

«Хакерлер каспий банкінен 79 млн. теңге ақша жымқырды» деген хабарлама тұтынушылардың ұялы телефонына лезде тарап үлгерді. Табан асты картадағы бар ақшасынан айырылып қалған жұрт жақын маңдағы банк бөлімшелеріне ағыла бастады. Кейін анық болғандай, Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар орын алған көрінеді. Қолданушылардың бірі қаражатымыз жоғалып кетті деп шошып жатса, енді бірі байлыққа кенелген. Банктың ресми өкілі Ербол Азанбек әлеуметтік желілерде ақшалар орнында екенін айтып, қатты уайымға салынбауға шақыруда. Банк проблемаларды шешуге уәде берді. "Өкінішке орай, Kaspi.kz сайтында техникалық ақаулар бар. Карта арқылы төлеу, төлемдер мен аударымдар жасау уақытша қол жетімсіз. Біз бәрін түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деп хабарлады банк. Ал, Хакерлерлердің қыруар қаржы жымқырғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Банк клиенттерін жан-жақтан келіп жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар