ШҰҒЫЛ! 7 адамды алдап, қолға түсті Толығырақ

Ақсу-Жабағылы қорығына 90 жыл!

15:06, 14 қараша 2017

Ақсу-Жабағылы - еліміздегі ең ірі қорықтардың бірі. Тарихы да терең. Былтыр мұндағы ұжым 90 жылдық мерейтойларын атап өтті. Қазақстанның ең ғажап жерінде тіршілік бір тоқтаған емес. Өйткені, әр маусымның өзіндік ерекшелігі бар. Мұны осындағы қызметкерлер жете түсініп, өз жұмыстарын қашанда тиянақтылықпен атқаруға дағдыланған.

Иә, қорықтағы  қарбалас  жыл он екі ай басылмайды, Ерте көктемде тіршілік тіріліп, аңдар төлдейді. Жаздың әр күні тілсіз жау – өрттен қауіп төнсе, күз бен қыста суыққолдылармен күрес жалғасады. Сонымен қатар, күз  маусымында қолда бар техникаларды ретке келтіріп, келер жазға дайындау жұмыстары да жүргізіледі.

Айтбек Меңлібеков – «Ақсу –Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы РММ-нің директоры

Біздің ең басты міндетіміз- табиғатты қорғау....Мамандар да бір орныда тұра бермейді.... Олар алмасады. Бүгінде біздің қызметкерлердің денін жастар құрайды.

Қорықтың жалпы аумағы 131 мың гектардан  асады. Оның орналасқан жері де таулы – орманды екені белгілі. Осыншама аймаққа бақылау орнату - оңай шаруа емес.  Мұндағы ең басты қауіп - дала өрті. Дегенмен тілсіз жаудан келген шығын бұл аумақта ешбір тіркелмеген. Бұл да болса, қорықтағы жүйелі жұмыстың нәтижесі болса керек.

Уәлихан Бердіқұлов - Орманды өрттен сақтау станциясының басшысы

Өрт жағдайын бақылайтын орындарымыз бар.. мамандар лайықты жұмыс атқаруда. Өткен жылы өрт апаты орын ала қойған жоқ.   ,  Ол инспекторлардың қатаң бақылауында болады. Арнайы техникалар бар.  Соларды келер маусымға техникаларды даярлап жатырмыз...

Қазір оңтүстіктің өзге бөлігі сары-ала күз кейпін сақтап тұрса, мұнда кәдімгі қыс маусымы басталған. Бұл кезең қорықшыларға еселеген міндеттер жүктейді. Дегенмен, өз ісіне тиянақты әрбір маман қашанда  жауапты үдеден шығып, туған жер табиғатын келер ұрпаққа табыстайтыны анық. Қазақтың жері –береке қонған құт мекен!

МҰХТАР Атабек

 

Тақырып бойынша материалдар

Нұротандықтар 90 отбасыға тегін азық-түлік тарқатты
19:46, 20 қараша 2017
Нұротандықтар 90 отбасыға тегін азық-түлік тарқатты
Толығырақ...
Облыс әкімі Қазығұрттағы көпқабатты үйлердің тазалығын сынға алды
19:31, 20 қараша 2017
Облыс әкімі Қазығұрттағы көпқабатты үйлердің тазалығын сынға...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 2017
14:51, 14 қараша 2017
Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 201...
Толығырақ...
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...