ШҰҒЫЛ! БІЗ ПАРА БЕРМЕЙМІЗ! Толығырақ

АҚЫЛДЫ ТҰРАҚТАР КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫН РЕТТЕЙДІ

11:56, 21 қаңтар 2019

2018 жылы Шымкент қаласы халқының саны миллионнан асып, Елбасы жарлығымен республикалық маңызы бар ірі қаланың үштігін құрады. Осылайша мегаполисте ауқымды жобалар бойынша қарқынды жұмыстар басталды. Биыл шаһарда ақылды автотұрақтар пайда болады. Құны 109 миллион теңге болатын бұл жоба, мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылмақ. Сонымен, ақылды паркингтердің мүмкіндігі қандай?

Ресми мәліметке сүйенсек Қазақстанда  4 млн-ға жуық автокөлік  бар.  Ал, тіркелген көлік саны жағынан бірінші орында Алматы қаласы, екінші орында Түркістан облысы мен Шымкент тұр. Шаһарда күніне 500 мыңға жуық көлік жүреді. Көліктің көптігінен жолда  кептелістер, автотұрақтардағы тәртіпсіздік, жол ережесін бұзу сияқты түрлі келеңсіздік орын алады. Енді мұндай мәселелер рет-ретімен шешімін табады. Ақылды автотұрақ, көлік қозғалысын  реттеуге  өз үлесін қосады.

Мұрат Әбділманов – «SHYMKENT PARKING» ЖШС  директоры

Аударма; Бізде мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақтарымыз тегін. Қалған жүргізушілерге де жеңілдіктеріміз қарастырылған. Яғни, алғашқы 15 минут көлемі тегін болады. Әрі қарай бағасы есептелінеді. Бұл жобамыз тек жол қауіпсіздігін сақтап қана қоймай тұрғындарға да қолайлы болмақ.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мамандарының айтуынша, автотұрақтарда әрбір көлік назарда болады.Келген көліктің нөмірін сол мезет суретке түсіріп, жүйеге жолдайтын арнайы инспекторлар жұмыс істейді. Автокөлік иесі төлемді бірнеше тәсілмен төлей алады. Яғни төлем терминалы, мобильді қосымша, смс және жүйе сайты арқылы жүзеге асырылады.

Мұрат Әбділманов – «SHYMKENT PARKING» ЖШС  директоры

 Бізде көлік қоюға тыйым салынған белгілер көп. Сонда көлік жүргізушілері темір тұлпарларын қайда қоюы керек.  Біз осы белгілердің орнын ақылды автотұрақтармен алмастырамыз. Әзірге оның ақысы белгісіз. Ол қалалық мәслихаттың шешімімен бекітіледі. Ел ордасы Астана қаласында осындай тұрақтардың орташа бағасы 150тг бастап 300 теңге ге дейін.

Алайда, көлік жүргізіп күнделікті ас-ауқатын тауып жүрген Саттархан Базарбаев ақылы тұрақтарға қарсы. Себебі, таңнан қара кешке дейін  тапқан табысы - көліктің шығынынан әзер артылатынын айтады. Оның үстіне базарлар маңы, көше жаны өзгелердің бизнесіне айналып кеткеніне қапалы. Ендігі қала көркіне сән берер ақылды тұрақтардың - ақылы болмауын сұрайды.  

Саттархан БАЗАРБАЕВ – қала тұрғыны, көлік жүргізуші

Мына таксистер азаннан кешке дейін ерігіп жүрген жоқ. Бұрынғыдай жұмыс жоқ қазір. Бәрі нан тауып жеудің амалын іздеп жүр. Ал, енді бұл ақылыға ақша бере ма? Налогқа береді ма? Штрафты телейді ма? Қазір сергек деген де көбейді. Балдар байқамай түсіп қалып жатыр. Қалай күн көреді бұлар!? Мен қарсымын ақылы тұрақтарға.

Мегаполис тұрғыны болып милиондар қаласы атанғандықтан халықтың тұрмыс сапасы жақсарады. Осыған сендірген жергілікті билік басшылары бұл шараларды ақылды қала жобасы аясында іске асырмақ.

Нұрсұлтан МҰХАМЕДЖАНҰЛЫ                                                                       

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
13:11, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...
13:10, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...