ШҰҒЫЛ! ӘКЕЛЕРГЕ АЙТЫҢЫЗ! Толығырақ

АЛАЯҚТАР ҰСТАЛДЫ

11:58, 7 маусым 2019

Қылмыс хроникасына кезек берсек. Келесте алаяқтық жолмен ақша тапқандар құрықталды. Алаяқтардың бірі мемлекеттік субсидия алып беремін десе, енді бірі мүгедектікке байланысты зейнетақы алуға көмектесемін деп ауыл тұрғындарын алдап келген.

Ауадан ақша жасап, оңай жолмен ақша табу бүгінгі алаяқтардың кәсібі болып барады. Осындай қылмыстың бірі Келес ауданында тіркеліп отыр.  Жергілікті тұрғыннан түскен арыз бойынша жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде қылмыстық іс анықталды. Аталған жайт Келес аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша бірыңғай тізіміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190 бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.      

Ерлан Өрісбаев –Келес аудандық полиция бөлімінің тергеушісі

-Қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен шұғыл іздестіру барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, осы қылмысқа қатысы бар қазір анықталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды. Келтірілген жалпы шығын 3 млн 200 мың.

Сондай-ақ, Келес ауданының тағы бір тұрғыны құжат рәсімдеуге байланысты шағыммен келген. Жәбірленуші өз арызында  мүгедектікке байланысты зейнетақы алып беремін деп 70 мың теңгесін алдап алған алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Жедел-іздестіру шараларының барысында күдікті  ретінде жергілікті тұрғын ұстады. Аталған жайт та ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша жиналған алаяқтық фактісі бойынша материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.        

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АГРО ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛАДЫ
19:00, 12 қараша 2019
АГРО ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖӘНІБЕКТІҢ  ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ  ЭФИРДЕН  КӨРСЕТІЛМЕК
16:15, 7 қараша 2019
ЖӘНІБЕКТІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН КӨРСЕТІЛМЕК
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...