ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

16:46, 19 тамыз 2019

Түркістанда құрылысы жүріп жатқан алғашқы нысан пайдалануға берілді. Облыс орталығында бірінші болып халықаралық автовокзалдың құрылысы аяқталды. Бір күнде 10 мыңдай жолаушыға қызмет көрсететін ғимараттың ашылу салтанатына үкімет басшысы Асқар Мамин қатысты. Сыртқы келбеті шығыстық үлгіде салынған бекеттен ендігі жерде күніне республикалық және халықаралық 30 бағытқа 50-ден астам автобус қатынайтын болады.

АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шаға ауылында орналасқан Түркістан автовокзалының жалпы аумағы 2,5 гектар. Халықаралық бекеттің құрылысы биыл сәуір айында басталған болатын. Күшейтілген тәртіппен жүргізілген құрылыс жұмыстары төрт айда аяқталды.

Үкімет басшысының өзі іске қосқан автобекеттен  Ташкент, Самарқанд, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына тұрақты бағыттар ашылды.Мұнда 15 тұрақ бар.Жолаушылар үшін барлық жағдай қарастырылған.

НҰРСҰЛТАН БАЛАБИЕВ - АВТОВОКЗАЛ ДИРЕКТОРЫ

Бізде медициналық пункттер бар. Ана мен бала бөлмесі де қарастырылған. Тегін Wi-Fi желсі жұмыс істейді. Жүргізушілердің демалатын бөлмелері орналасқан.

Бүгінде қосымша нысандардың құрылысы жалғасуда. Егер сол бітсе,      стандартқа сай автокөлік жуу орны мен техникалық қызмет көрсету орындарын ашылады. Сонымен қатар азаматтардың қала ішінен вокзалға  барып келуін қамтамасыз ету мақсатында қосымша 5 қалалық жаңа бағыттың қозғалыс сызбалары бекітіліп, 7 тұрақты бағыт ұзартылды.

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жаңа автовокзалын іс қосқаннан кейін үкімет басшысы қалада соғылып жатқан бірнеше нысандарға аялдады.  Оқушылар сарайы, облыс әкімдігі, медиа орталық, конгресс-холл ғимараттары қалай салынып жатқанын көрді.  «Нұр-Сұлтан» алаңы, Тұңғыш Президент саябағы және Олимпиадалық резервтегі спорт, музыка мектебі, неке сарайы, Қазақ драма театры мен халыққа қызмет көрсету орталығының құрылыс барысын бағамдады. Ондағы жағдайға қаныққан  Асқар Мамин барлық жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс екенін ескертті.Жауаптыларға құрылыс сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды. 

М. ЖАРЫЛҚАСЫН                                                                   

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК  ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:25, 19 қыркүйек 2019
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАҒДАРЛАМА ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА
17:28, 13 қыркүйек 2019
БАҒДАРЛАМА ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА
Толығырақ...
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨ...
Толығырақ...