ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

АЛТАЙ - ҰЛЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ

17:21, 1 қазан 2019

«Еңбек» және «Серпін» бағдарламасының іске асуына сүбелі үлес қосып отырған бірден бір облыс- Шығыс Қазақстан. Сөз жоқ, жері шұрайлы, табиғаты әсем өңірде оңтүстік халқының жерсініп кетуіне мүмкіндіктер мол. Әсіресе, халқы өте еңбекқор біздің өңір халқына барлық салада серпіліс пен сілкініс жасауға болады. Түркістан облысынан келген делегация «Семей» қаласында мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты.

  Бұл - Семей қаласында орын тепкен   М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі.  Көп жылдық тарихы бар оқу орнында  1600-ге жуық студент білім алуда. Оның  77-сі   «Серпін»  бағдарламасы  арқылы  оқып  жатыр. Колледжде студенттер үшін бар жағдай жасалған.

Шағангүл Жанаева – М. Әуезов педагогикалық колледжінің директоры

-Біздің колледжде студенттерге бар жағдай жасалған. Жатақханамен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар студенттер өз дене бітімін сақтау үшін арнайы спорттық залдармен де қамтамасыз еттік.

Семейге «Еңбек» бағдарламасы аясында 30  отбасы көшіп келіпті. Қазіргі таңда қоныс аударған азаматтар тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Жалпы, Семей қаласында дәнекерлеуші, жүргізуші, энергетик, құрылысшы сынды мамандық иелері қасқалдақтың қанындай тапшы болып тұр. Келем деген түстік өңірінің тұрғындарын құшақ жая қарсы алуға әзірміз,- дейді Шижин Тұрсынбек.

Шижин Тұрсынбек – Семей қалалық жұмыспен қамту басқармасының басшысы 

-Жол шығыны өтеледі. Үй шығынын өтеп беру қаралған. Келем деген азаматтар бірінші өзінің тұрғылықты жеріндегі  жұмыспен қамту басқармасына барады. Кейін ол кеісілер бізге шығады. Біз күтіп алуға дайынбыз.

Шығыста игерусіз, иесіз жатқан ауыл шаруашылығы жерлері өте көп.  Тіпті, 20 мың гектар  егістік жерлер қаңырап бос жатыр.  Осыны ескерген түркістандық шаруалар да түрең сала бастады. Картоп егіп, пайдаға қарқ болып жатқанда да бар. 

Н. Әлімбаев                                            

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...