ШҰҒЫЛ! «ТОРТИЛЛА» ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗООБАҒЫ ЖАБЫЛАДЫ Толығырақ

АЛТЫН ҚОЛДЫ ДӘРІГЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ

18:26, 11 желтоқсан 2019

Еселі еңбек ескерусіз қалмақ емес. №1 қалалық клиникалық ауруханасында өмірден өткен белгілі хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мәди Бегалиевті еске алу кеші өтті. Онда облыс төңірегіндегі денсаулық сақтау саласының өкілдері мен марқұмның туыстары ғалымның еткен еңбегі мен ғибратты ғұмырын сөз етті.

 Мәди Бигалиев – саналы ғұмырын ұлт саулығына арнаған асыл азамат.  «Құрмет» орденінің иегері, «Алтын скальпель» халықаралық сыйлығының, ТМД елдерінің хирургтар Ассоциациясының құрметті мүшесі. Шымкент қаласының Құрметті азаматы. Ең бірінші бүйрек алмастырды. Кейін бауырға да ота жасауды сол кісі бастады. 10 000-ға жуық сырқатқа ота жасап, облыстағы біліктілігі жоғары дәрігерлерді тәрбиелеген ұлағатты ұстаз.

Асхат Сатқанбаев– профессор

Алладан хирург болып туылған адам. Уақытпен санаспай жұмыс істейтін. Талай шәкіртті тәрбиеледі.

КСМ: Мәдина Тасқұлова Ұзақ жылдар бойы бауыры мазалап келген. Бойындағы сырқатқа салғырт қараған ол ауруы тым асқынған кезде ғана ауруханаға келген. Бауыр цирозына шалдыққан азаматша Алладан кейін екінші өмір сыйлаған дәрігер Мәди Бегалиев, еді дейді. Бүгінде отадан кейінгі 4-ші жылын еш қиындықсыз өмір сүріп жатыр.

Мәдина Тасқұлова – Шымкент қаласының тұрғыны

Мен қайтыс болғанын естігенде еңіреп жыладым. Өте ауыр тиді. Қазір жағдайым жақсы.

 Дәрігердің артында 3 перзенті қалды. Ұлт саулығына өлшеусіз үлес қосқан азамат отбасына аса жауапкершілікпен қараған. Бала күнінен әкесінің кәсібіне деген сүйіспеншілігін көріп өскен Диана Бегалиева да дәрігерлік жолды таңдаған. Қазіргі таңда қалалық кардиологиялық орталықта қызмет етеді. Мені тегім арқылы таныған азаматтар әлі күнге дейін әкемнің еңбегі үшін алғыс айтады, дейді ол. Диана Бегалиева –  дәрігердің  қызы

Жұмысқа қандай жауапкершілікпен қараса, бала-шағасына да сондай мейірім төкті. Кешегі күнге дейін еркелетіп, мейірімін төгіп келді.

 Жиын барысында алтын қолды дәрігердің өмірдерегіне негізделген бейнебаян да ұсынылды. Әріптестері мен туыстары тау тұлғалы азаматты осылайша еске алды.

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫ»  ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУДА
19:12, 24 қаңтар 2020
ОРДАБАСЫ» ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар