ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

17:56, 7 наурыз 2019

Мерекеге орай, нәзік жандыларды «Шапағат мүмкіндігі шексіз» қауымдастығы да құттықтады. Шарада облыстағы елге белгілі, ақ жаулықты әжелер мен алтын құрсақты батыр аналар марапатталды.

 Ана-бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен. Осындай маржан сөзге тиек болған қыз-келіншектер барлық құрмет лайық. Меркеде қоғамда өзіндік орны бар, елге елеулі еңбек еткен нәзік жандыларға  арнап ән шырқалды.

 Құрмет Керімбеков – Жалын қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Мемлекеттің мықты болуы ардақты  анаға тікелей байланысты. Себебі батырды да, ақынды да туатын ана. Кеште «Шапағат мүмкіндігі шексіз» қауымдастығы түрлі салада қызмет етіп жүрген іскер әйелдерге алғыс хат табыстап,  елді көркейту жолында шығармашылық шабыт тіледі.

Шалтан Керімбайұлы – Шапағат мүмкіндігі шектеулі жандар   қауымдастығы төрағасы

Бүгінгі біздің салтанатты мереке барша әлемдегі аналарға ақ жаулақты апаларға кыз келіншектерге арналады. 8 наурыз құтты болсын дейміз баршасына. Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді әлемді тербететін аналарымызға басымызды иіп, бүгін  шын көңілмен ел анасы, қаһарман ана, батыр қыз деген осындай 3 номинация бойынша салтанатты мереке ұйымдастырдық. Біздің  іс шарамыздың басты мақсаты осындай аналарымызды марапаттай отырып, келешек ұрпаққа солардың жолын үлгі ету мақсатында ұйымдастырдық.

 Мерейлі мерекеге Түркістан қалалық  әйелдер алқасы, шұғылалы таң қоғамдық қайырымдылық қоры, жалын қоғамдық бірлестігі, қарекет ұйымы және ерікті жастар белесене қатысты.  

М.ӘСЕМБЕК                                      

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...