ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

«Алтын сапа» байқауына құжат қабылдау басталды

13:22, 21 сәуір 2017

Отандық өнім сапасын арттырып, кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында жыл сайын «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары ұйымдастырылады. Бизнес өкілдері үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын байқауға құжат қабылдау басталды. Қатысамын деушілерге көрсетілген биылғы жеңілдіктер мен қойылатын талаптар төмендегі бейнематериалда

Кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалық! Егер «Алтын сапа» немесе «Үздік тауар» иегері атанғыңыз келсе, ешқайда бармай-ақ, онлайн режимде құжат тапсыра аласыз. Ол үшін altynsapa.kz сайтына кіріп, тіркелу қажет. Байқау алдымен, облыстық деңгейде ұйымдастырылады. Одан озғандар Республикаға жолдама алады. Былтыр өңірден Астанаға 9 үміткер барып, жартысынан көбі жүлдемен оралған. 

Асқар Абубакиров – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ОҚОФ-ның  директоры

Былтыр біздің 5 кәсіпорнымыз республика деңгейінде «Ең үздік тауар өндірушілер» жүлдесін алып қайтты...

Оңтүстік өңір бизнесмендері аталмыш номинацияларды иеленуге үлкен ықыласпен атсалысады. Себебі, жеңімпаз алатын «үздік бренд» белгісі 4 жылға дейін сақталады. Бұл - кәсіпкерлер арасындағы абырой ғана емес, тауарын шетелге экспорттауда да көптеген мүмкіндікке жол ашады. Оны былтырғы байқау жеңімпаздары да растады.

Медет Тұрғынбаев – «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-і коммерциялық директорының маркетинг бойынша орынбасары

Былтырғы жылы біз «Алтын сапа» иегері атандық. Енді бұл брендті өзіміздің тауар орамына, келісімшарттар жасасқанда пайдаланамыз...

 «Қазақстанның үздік тауары» байқау-жәрмеңкесінің  облыстық деңгейі мамырдың 26-сы мен 27-сі күндері Көрме орталығында өтеді. Оған қатысушы Республика аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларын немесе өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер шығаруы тиіс. Өтініш Кәсіпкерлер палатасында қабылданады. Өңірде озып, Республикада мойындалған жеңімпаздар Астана қаласында Елбасының өзі марапаттайды.  

АЙЖАН Әшірхан      

Тақырып бойынша материалдар

Жарықбастық жұрт сапалы ауыз суға қол жеткізді
17:27, 16 желтоқсан 2017
Жарықбастық жұрт сапалы ауыз суға қол жеткізді
Толығырақ...
Халыққа ең қажетті нысандар ашылды
17:26, 16 желтоқсан 2017
Халыққа ең қажетті нысандар ашылды
Толығырақ...
Саябақ ашылып, мөлтекаудан  бой тіктеді
17:23, 16 желтоқсан 2017
Саябақ ашылып, мөлтекаудан бой тіктеді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...